Тобыл өңірінде жол апаты бір отбасындағы төрт адамның өмірін қиды

01 тамыз 2023, 21:16

Тобыл өңірінде жол апатынан бір отбасының 4 адамы қаза тапты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аstanatv.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға «Қостанай-Введенка» тасжолында болған.

 

«Мерседес» көлігін мінген 28 жастағы жүргізуші рөлді басқара алмай, қарсы бағытқа шығып, ВАЗ-2110 көлігімен соқтығысқан.

 

Соның салдарынан ВАЗ жеңіл көлігінде отырған 32 жастағы жүргізуші, 29 жастағы әйелі, 8 және 9 жастағы екі бала оқиға орнында жан тапсырды.

 

МАҚСАТ ОЙЫҚБАЙ, облыстық пд жпқб басшысының орынбасары:

 

– Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті көлік жүргізушілерді жол ережесін сақтауға шақырады.

 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz