Түркістан облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

19 тамыз 2023, 17:36

Шаян-Екпінді тас жолы бойында Nissan Mercedes-Benz 200 автокөлігіне соқтығысқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.

18 тамыз күні түнгі сағат 23:30 шамасында Бәйдібек аудандық ПБ-нің 102 арнасына жол-көлік оқиғасы болғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

 

Облыстық маңызы бар Шаян-Екпінді тас жолы бойында Nissan көлігі қарама қарсы жол бөлігіне шығып кетіп, өз жолымен келе жатқан Mercedes-Benz 200 автокөлігіне соқтығысқаны анықталды.

 

Mercedes өртеніп, ішінде болған үш жолаушы мен жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.

 

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Тиісті сот-сараптамалары тағайындалды. Кінәлі жүргізуші УҰА қамауға алынды.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz