Түркістанда жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды

20 маусым 2022, 23:49

Жылдамдықпен келе жатқан BMW автокөлігі жолдан шығып кеткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Шардара мен Жетісайды байланыстыратын тас жолда болған. Тағы бір азамат жансақтау бөлімінде жатыр.

 

Апаттың қатты болғаны соншалық автокөлік бөлшектеніп қалған. Жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында жан тәсілім етті.

 

Сондай-ақ көлікте болған тағы бір қыз ауруханаға жеткізілген.

 

 

ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Бірнеше сараптама тағайындалды, -деп мәлімдеді ПД-нің баспасөз қызметі.