Тұздыбастауда жол апатынан бір адам қаза тапты

03 тамыз 2021, 09:46

3 тамыздың түнінде Алматы облысына жататын Тұздыбастау ауылында ауыр жол апаты болды, деп хабарлайды zakon.kz.

 

Үлкен Алматы каналының бойындағы тас жолмен келе жатқан Toyota RAV 4 автокөлігі бұрылыста жолдан кюветке ұшып кеткен екен. Аударылып, 30 метрдей домалаған көлік каналдың бетон қоршауына тіреліп барып бірақ тоқтаған.

 

Көлік быт-шыт болды. Бір куәгер бұл RAV 4 көлігінің аса жоғары жылдамдықпен өзінен озып кеткенін айтты. Бірнеше секундтан кейін жол жигеніде щаң бұрқ ете қалыпты.

 

Дәрігерлер келген соң оқиға орнында бір жігіттің өлі денесі табылды. Тағы бір жігіт ауыр жағдайда облыстық ауруханаға жеткізілді.

 

Оқиға орнына тергеушілер келді.