"Яндекс.Такси" жүргізушісі жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты

23 қаңтар 2023, 14:46

Павлодар облысындағы тас жолда жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан жүргізуші көз жұмды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE.KZ-ке сілтеме жасап.

22 қаңтарда сағат шамамен 18:00-де Павлодар - Қызылорда автожолының 1293-шақырымында үш көлік: ВАЗ 2110, Toyota Camry, Mercedes-Benz GL 450 қатысуымен жол апаты болды.

 

ЖКО салдарынан 25 жастағы ВАЗ 2110 көлігінің жүргізушісі оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.

 

Тағы төрт адам зардап шекті. Олардың бірі кәмелетке толмаған адам. Әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

 

Көлік құралдары мамандандырылған тұраққа қойылды.

 

Бұл факт бойынша тексеру жүргізіледі. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.