Жігер

Болашақты жобалау – Қазақстанды дамытудың стратегиялық құрамдас бөлігі

  • Болашақты жобалау – Қазақстанды дамытудың стратегиялық құрамдас бөлігі

    Болашақты жобалау – Қазақстанды дамытудың стратегиялық құрамдас бөлігі

Уақыт Қазақстанның жаңа ғалами әлемдік дағдарыс соққыларына қажырлы төтеп беріп қана қоймай, экономиканы қорғау, оның әлеуметтік салаға, ел халқының әл-ауқатына түсіретін қысымын еңсеру әрі барынша азайту жолында өзінің барлық қоры мен мүмкіндіктерін пайдалана білгенін көрсетіп отыр. Сондай-ақ соңғы жылдары Қазақстан бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіремін деп көздеген мақсатына барынша жақындай түсіп, бүкіләлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингіндегі өз ұстанымдарын айтарлықтай айшықтай түсті.

Қазақстан басшылығының елді ұзақ мерзімді кешенді дамыту стратегиясы, ішкі және сыртқы саясаттың түрлі бағыттары, экономика салалары, жеке аймақтар бойынша және барынша маңызды әлеу­меттік мәселелер бойынша әзірленген нақ­ты бағдарламалар түрінде ресімделген өз халқына ұсынар өзіндік болашақ жос­парының қашан да әзір болуы бұған ықпал етті. Бұл сондай-ақ бірінші кезекте Елбасы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қоршаған ортадағы жаңа үдерістер мен өзгерістерді жіті байқап, оларды дұрыс пайымдап, төнген қауіптің алдын алу шараларының тиісті жүйесін ұсына білуінің арқасында.

Дағдарыс хронологиясын еске түсіру жеткілікті-ақ. Үкіметтің, Ұлттық банк пен өзге мемлекеттік мекемелердің дағдарыс­қа қарсы арнайы әзірленген шараларды жүзеге асыру жолындағы бірлескен іс-әрекеттерінің жоспары бойынша шамамен ЖІӨ 14-15% жұмсалды. Алдыңғы жыл­дары қаржы резервтерін жинақтаудың ақыл­ға қонымды саясатын жүзеге асыру­дың арқасында осындай мүмкіндікке ие болдық және осы резерв ең қиын-қыстау жылдары салыстырмалы түрдегі тұрақты­лықты қамтамасыз етті. Ал Еуропа мен АҚШ-та дағдарысқа қарсы іс-шаралар осын­дай резервсіз мемлекет борышын күрт арттыру есебінен жүзеге асырылды. Бұл ақырында бірқатар елде әлеуметтік-эко­номикалық, сондай-ақ саяси ката­клизм­дерге әкеп соқтырды.

Уақыт көрсеткендей, Н.Ә.Назарбаевтың 1997 жылдың өзінде-ақ ұсынған және болашақтың кең ауқымды жобасына айналған «Қазақстан-2030» стратегиясы да өзінің елеулі үлесін қосты.

Қазақстанның астанасын Алматыдан Астанаға көшіру осы жаһандық стратегия­ның ұйымдастырушылық бөлігі еді. Бұны елдің әкімшілік орталығы болып қана қоймай, Еуразияның саяси және мәдени орталығының мәртебесіне ие болуға тұратын беделді қала үлгісін құру ретінде бағалауға болады. Бүгінде Қазақстан­ның жаңа астанасы аяғынан нық тұрды деп айтуға болады. Бұл осы идеяның авторы болып табылатынын күн ілгері пайымдап, көрегендік танытқан Елбасының жетістік­тері мен жеңістерінің, жемісті еңбегінің та­рихы.

Дәл осы Астана және оны салуға, да­мытуға қатысқан барлық адамның қажыр­лы еңбегі оның мәртебесін мән-мағынаға толтырып, бүкіл Қазақ­станды жаңа екпінмен жұмылдырып, қуатты жасам­паздық қорына айналдырды. Астана қазақ­стандықтар үшін жай ғана ел орталығы емес. Бұл біздің жеріміздегі жа­ңа уақыттың, оның батырлық тарихы­ның белгісі сынды және болашақ мемлекеттің көрнекі үлгісі болып табылады.

2012 жылдың соңында Елбасы Н.Ә.На­зарбаев өз халқына арнаған «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын жаңа Жолдауында 2050 жылға дейінгі жаңа Даму стратегиясын ұсынды, оны жүзеге асыру басталып та кетті. Осыған арналған жарияланымдардың бірінде ата­лып өткендей, бұл – үлкен жаңа өзгеріс­тердің бастауы.

Қазіргі кездегі жағдайдың қаншалықты аумалы-төкпелі екенін және сыртқы фак­торлардың орасан зор ықпалын ескеретін болсақ, бұндай мерзімге даму жоспарын құру өте қиын. Осы стратегияны құруға негіз болған алғашқы жаһандық үндеудің тарихи уақытты жеделдету ретінде белгі­ленгені кездейсоқ емес. Сондықтан стратегиялық жоспарлау кезінде болашақ өзгерістерге емес, халықтың осы өзгеріс­терге дайындығына сүйену керек.

Экономиканың күн тәртібінде мем­лекеттік реттеу деңгейін қысқарту және орталық ауырлық күшін жеке кәсіпкерлікке көшіру тұр. Басты міндет – көмірсутектер мен өзге шикізаттық ресурс экспортына деген тәуелділікті төмендету, жоғары тех­но­логиялық секторлардың үлесін арттыру арқылы қазақстандық экономиканың сырт пі­шінін өзгерту.

Қазақстан шетелдік капитал салым­дары­ның шамамен 170 миллиард дол­ларын өзіне тарта білді. Жаңа кен орын­дарын игеру мораторийін доғару туралы шешім осы санды ұлғайта түседі. Сондай-ақ қайта өңдеумен байланысты өндіріс­терді құрғыза отырып, шикізат ресурста­рына қол жеткізу мүмкіндігін беру ин­вес­ти­­циялық саясаттың негізгі идеясына ай­налады. Бұл жаңа ынтымақтастық дең­гейіне көшуді қамтамасыз етіп, екі жаққа да өз пайдасын алып келеді.

Салықтық және кедендік әкімшілендіру либерализациясы ішкі өсім мен экспортқа түрткі болуы тиіс. Қазіргі уақытта Қазақстан бизнеске жайлы салықтық шарттарды ұсынады. Енді салықтық есептілікті жеңіл­дету кезекті міндетке айналады.

Жуық арадағы бес жыл ішінде бизнес электронды есептілік нысанына көшеді. Кәсіпкерлердің салық органдарымен тіке­лей қарым-қатынас жасауы барынша азайтылады да, уақыт шығынын ғана төмендетіп қоймай, жемқорлық тәуекел­дерін де қысқартады. Қазақстандағы рұқсат беру жүйесі өршіп келеді, бірақ ұзақ мерзімді Стратегия азаматтардың өмір сүру қауіпсіздігіне тікелей әсер етпейтін барлық рұқсаттар мен лицензияларды алып тастауды көздейді. Бизнес жүргізудің рұқсат беру тәртібінің орнына хабарлан­дыру тәртібі келмек.

Барлық жаңашылдықтардың тізілімі ауқымды, бірақ идея біреу-ақ. Мемлекет экономика алабының ойыншысы болудың орнына іскерлік белсенділікті жүзеге асыру мүмкіндіктерін құруды нысанаға алады.

Экономикалық бастаманы көтермелеу және шикізаттық емес салаларды дамыту аймақтар арасындағы теңгерімсіздікті өзара үйлестіруге арналған. Бұл жергілікті билік органдарына жіті көңіл бөлу сынды жаңа саяси біріншілік ұстанымдарға бағыт­талған. Қазақстанда жергілікті әкім­ші­лік басшыларын сайлау арқылы таға­йын­дау енгізіліп келеді. Биыл аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдардың басшыларын сайлау өткізілді. Бұл – елі­міздегі барлық жергілікті әкімшілік басшы­ларының шамамен 92 пайызы.

Жергілікті биліктің сайланған басшылары қажетті қаржылық және кадрлық ресурсты алады. Бірақ реформа бұнымен шектелмейді. Мемлекеттік басқаруды бейтараптандыру мәні – оны сапалы түрде өзгерту.

Оның негізі – уәкілеттіктер мен бюд­жетті емес, мемлекет пен жергілікті қауым­дас­тықтардың рөлін қайта бөлу. Халық жергілікті маңызы бар мәселелерді тікелей шешу, сонымен қатар өздері сайлаған әкімшілік басшыларынан есеп талап ету мүмкіндігіне ие болады.

Осының барлығы Қазақстанды да­мыту­­дың негізгі бағыттарының енді бір ғана мынадай қағидаға негізделетінін білдіреді: сыртқы реттеуді азайтып, про­цеске қатысушылардың өздеріне барын­ша жауапкершілік арту. Бизнесте айла-тәсіл еркіндігі беріледі. Тіпті өз жұмыс сапасын өзі бағалау мүмкіндігі де ұсынылады. Бұл қарапайым ұйымдастыру реформасы ғана емес, ойлау парадигмасын ауыстыру. Аза­маттар жергілікті маңызы бар күн тәртібін өздері құра алады, шешімдер шығарып, олардың орындалуын талап ете алады. Бұл сайланған саясаткерлерге өз даусыңды беруден өзге қисындағы азаматтық бел­сен­ділік болмақ.

Әлеуметтік салада мемлекет еңбек нарығында өз орнын тапқысы келетіндерге мамандық алу мүмкіндігіне кепілдік беріп, оларға қолдау көрсетеді. Бұл мүмкіндікті әркім пайдалана алады. Осының барлығы қалыптасқан «байыпты» мемлекет қи­сыны­на сәйкес келеді. Мүмкіндіктер мен жауап­кершілік қосындысына негізделген мем­лекеттегі өркендеу мемлекет қолдауы­мен бекітілген жеке бастамаға сүйенеді.

Әлемдегі ең дамыған отыз елдің қата­рына кіруді көздеген стратегиялық бағыт алынды. Сондықтан тиісті координаттар жүйесі де қабылданды.

«Мүмкіндіктер, оған қоса жауапкер­шілік» формуласы енді барлық қазақстан­дық үшін саналы таңдау болып табылады.

Жаһандық деңгейде өзіндік бейтарап­тандыру пісіп-жетілген сияқты. Оның құрал­дарының бірі – Н.Ә.Назарбаев ұсын­ған G-Glоbаl алаңы. Бұл әркімнің пікірін естуге және өз болашағымыз үшін ұжым­дық жауапкершілік жүйесін құруға мүм­кіндік береді.

Қазақстан үшін болашақтың жобасы бүкіл сыртқы саясатты да көрсетеді. Астанадағы V экономикалық форумда сөз сөйлеген кезінде Қазақстан Президенті дағдарыстан кейінгі әлемді дамытудың негізгі парадигмасын құрып берді, әлемді құрудың көпполярлық үлгісінің негізінде ірі континенталдық бірлестіктерді кұруды ұсынды. Ол әлемдік қауымдастық елдері үшін геосаяси ойынның жалпы ережелері мен жаңа жағдайда экономикалық өзара әрекеттесу­дің негізгі қағидаттарын жасап шығару ке­рек­тігін атап өтті.

Жаһандандыру жағдайында ұлттық пен аймақтық экономика, сыртқы және ішкі саясат арасындағы қырлар өшіріліп, ал қауіпсіздік ұлттықтан гөрі жалпы әлем­дікке айналады. Осындай жағдайда тұрақ­ты даму үшін жаһандық және аймақтық ынтымақтастық қажет, сонымен қатар саяси және экономикалық курстарды өт­кізу­ге жалпы қызығушылықты есепке алу және жауапкершілік талап етіледі.

Күрделі халықаралық үдерістер және дағдарыстан кейінгі болашаққа жол іздеу аясында заманауи Қазақстан сыртқы саясаттың өнегелі үлгісін көрсетіп отыр, өйткені республиканың сыртқы саяси стра­тегиясының негізін теңгерімділік, көп­салалық, жауапкершілік, сұхбаттасу және әріптестік сияқты негізгі құрамдас бөліктер құрайды. Осының барлығы Қазақстанның халықаралық белсенділігінде өз көрінісін табады, ал бұл көптеген талдаушылардың пікірі бойынша прагматика мен мақсатқа деген ұмтылыстың, дипломатиялықтың және ұлттық мүддені қорғай білудің өне­гелі мысалы болып табылады. Осындай бағалаулардың дәйекті себебі бары анық.

Біріншіден, қазақстандық дипломатия­ның аймақтық экономикалық интеграция мен өнімді макроаймақтық ынтымақтас­тық­қа айқын бағдар ұстауы. Біздің еліміз ТМД нығаюын және ЕурАзЭҚ және Кедендік одақ сияқты тиімді әрі серпінді интеграциялық құрылымдардың негізінде оны дамыта түсуді барынша қолдайды. Дәл осы бірлестіктер өзара тиімді әріптес­тік, әлемдік экономикалық трендтерді ескере отырып, жалпы интеграциялық кеңістікті игеру үшін берік тұғыр болмақ. Көрсетіліп отырғандай, осындай аймақтық құрылымдар ТМД елдерінің ұлттық экономикасын дамыту жолындағы жаңа серпінге негіз болады.

Қазақстан халықаралық сауданы дамыту жолындағы өзінің тарихи міндетін біртіндеп қалпына келтіріп келеді. Жаңа Жібек жолының инфрақұрылымы – Еуразиядағы ең ірі «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» көлік дәлізі салынып жатыр, ол Азия мен Еуропаның өзара сауда ағында­рын жалғайды. Жаңа трансаймақтық жоба азия-еуропалық сұхбат қарқынын сапалы түрде өзгертеді және Қазақстанның геосаяси ұстанымдарын айтарлықтай нығайта түседі. Қазіргі кезде болашақтың ірі интеграциялық жобасын – Еуразиялық экономикалық одақ жобасын жүзеге асыру жұмысы белсенді жалғасуда. Бұл Н.Ә.На­зарбаев бастаған жұмыстың шарықтау шегі болмақ, оны қазір зерттеушілер Үлкен Еуразиялық жоба деп те атайды.

Екіншіден, Қазақстан Шығыс пен Батыс­тың саяси сұхбаты мен конструктивті өзара әрекеттесуін қолдайтын жақтаушы болып табылады. Елбасының бастамасы­мен Қазақстан өркениетаралық байланыс көпірі ретінде өз орнын ала бастады, бұл жерде әрбір үш жыл сайын әлемдік және дәстүрлі дін жетекшілерінің съезі өтеді. Бұл ретте діни жетекшілердің астаналық форумының беделі күннен-күнге артып келеді. Отандық сыртқы саяси жетістіктер­дің мойындалуы Қазақстанның Еуропа мен Азияның өзара әрекеттесуінің үйлес­тірушісі бола алатындығын және болуға дайын екендігін растайды. Қазақстан – 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ын­тымақтастық жөніндегі ұйымды басқар­ған кеңестік дәуірден кейінгі бірінші азиялық мемлекет. Биылғы жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен ЕурАзЭҚ-тағы төрағалық, сонымен қатар Қазақстанның 2011 жылғы Ислам конференция ұйымын­да­ғ­ы төрағалығы біздің еліміздің орасан зор беделінің куәлігі.

Үшіншіден, Қазақстан ұжымдық қауіп­сіздіктің халықаралық және аймақтық жүйелерін дамыту мен жетілдіруге жауапты қатысып келеді. Біз Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Шанхай ынтымақ­тастық ұйымының белсенді мүшесі, соны­мен қатар Солтүстік Атлантика шарты ұйым­дарының бағдарламаларына қатысу­шы болып табыламыз. Біздің Азиядағы өзара әрекеттесу және сенімгерлік іс-шаралар жөніндегі мәжілісті шақыру туралы бастамамыз халықаралық қатынас­тардың тиімді институтына айналды. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымын басқара отырып, Қазақстан Еуразиялық қауіпсіздіктің Континенталды платформасы туралы жаңа ұзақ мерзім идеяны көтерді.

Біздің еліміз арындап жайылуы арқылы ядролық қарудың келешегін тежейтін девальвация процесін тоқтату жолындағы шараларды қажырлы қолданып келеді. Атап айтқанда, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына ядролық қарусыз әлем туралы арнайы декларацияны ұсынды, ал биылғы жылдың 29 тамызында БҰҰ біздің респуб­ли­камыздың бастамасымен бекіткен Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы әрекет ету күнін кеңінен атап өтті.

Төртіншіден, біздің еліміз көршілеріміз­дің, аймақтың және жалпы әлемнің тұрақ­ты әрі берік дамуына жан-жақты ойлас­тырылып, кесіп-пішілген қолдау көрсетеді. Ауыр күндерді басынан өткерген және өткеріп жатқан көрші елдерге Қазақстан бірінші болып саяси қолдау мен гумани­тарлық көмек көрсетті және әлі де сондай көмек көрсетуін жалғастырып келеді.

Қазақстан дағдарыстан кейінгі әлемді тиімді дамыту мен құру үлгісін іздестіруге жоғары халықаралық деңгейде қатысып келеді. Мәселен, Астаналық экономикалық форум, шындығында, Қазақстан үшін де, сондай-ақ басқалар үшін де экономикалық тақырыптағы ірі шара болды деп айтуға болады. Осындай пікірталас алаңы құрыл­ған жылдар ішінде көтерілген мәселелер ауқымы іс жүзінде жаһандық сипатқа ие болды, еуразиялық интеграция идеясынан бастап жаңа әлемдік валютаны енгізуге дейін. Әдетте, форумда әлемдік қауымдас­тық елдері үшін, G-20Р топтары мен өзге халықаралық ұйымдар үшін ұсыныстар әзірленеді.

Осылайша, барлық форумдағы пікір­талас­тар кезінде көтерілген және сыналған ел басшылығының барлық сыртқы саяси бастамалары Қазақстанның ұлттық мүд­делерін ғана көрсетіп қоймай, әлемдік сая­саттың өзекті мәселелерін шешуге ар­налған конструктивті импульсті де кеңінен таратады.

Әлемдік саясаттың заманауи пара­дигма­сы белсенді өзгеру сатысында екені анық. Уақыт лажсыз өмірді, экономиканы, саясатты, қоғамды өзгертеді. Біздің көз алдымызда даму эволюциясы жүріп жатыр, адамзат постиндустриалды және ақпараттық дәуірді бөліп тұрған сызықтан өтіп кетті. Технологиялық процестің әсері­нен әлемдік шаруашылық байланыстардың өзгеруі, жаңа экономиканың қалыптасуы және өркениетті дамудың жаңа бағытта­рының пайда болуы байқалып отыр.

Қазіргі жағдайда экономикадағы дағ­дарыстық трендтер халықаралық қатынас­тардың конфигурациясын күрделі өзгерту­мен сабақтас болып отыр. Жаһан­дық экономикалық дағдарыс жаһандық саяси өзгерістерді адымдап көп есе жеделдете түсті және ұзақ мерзімді келешекке дағда­рыстан кейінгі әлем сызықтарын болжам­дап белгілеп отыр. Осының барлығы жал­пы әлемдік қауымдастыққа, жеке аймақ­тар­ға, күшті және әлсіз мемлекеттер­ге, жеке әркімге стратегиялық үндеу болып табылады. Бірақ бұл қазіргі кезде белгілі болып отырғандай, бір жағынан әлеуетті мүмкіндіктер болса, екінші жағынан күрделі тәуекелдер. Осының барлығына бейімделіп, қатар аяқ басқандар ғана табыс­қа қол жеткізеді. Өзге жағдайда периферия немесе әлемдік дамудың «елеу­сіз тұстары» болмақ.

Анық болашақты белгілейтін жобалар қатарына ел Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын жатқызуға бола­ды. Оның артынан қазіргі кездегі ең өзекті әрі күрделі сұрақтарға жауап беретін «Қа­зақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты кең ауқымды бағдарламасы келді. Оның көздеген мақсаты –қазақстан­дықтар үшін біздің ежелгі жерімізде бұ­рын-соңды болмаған сапалы өмір жағдайын жасау.

Бүгін елдің қарқынды индустриялық-инновациялық дамуына қарай алған бағдар жүзеге асырылуын жалғастырып келеді. Осы уақыт ішінде 500-ден астам жаңа өндіріс құрылды. Олардың жартысы жобалық қуаттың 50 пайызына жеткен үдемелі жүктемемен жұмыс істейді. Олар екі жыл ішінде 1,1 триллион теңгеге өнім өндірді. Өнеркәсіптегі технологиялық ин­нова­циялар шығыны сегіз есе өсті. Бүгін олар шамамен 200 миллиард теңгені құрай­ды. Бұл ретте инновациялық өнім­дерд­і шығару үштен бір есеге артты.

Аграрлық салада да кең ауқымды өзгерістер орын алып жатыр. Біздің фер­мер­­лер алдыңғы кезеңдердің көптеген рекордтарын «орнатып тастады». Бүгінгі таңда Қазақстанның үштен екі бөлігі сапалы азық-түлік тағамдарымен және шикізатпен қамтамасыз етіліп отыр.

Әлемдік нарықтағы қазақстандық өнім экспорты шамамен 90 миллиард долларды құрады. Оның ширегінен көп бөлігі – шикізаттық емес тауарлар.

Индустриялық-инновациялық жаңар­ту­ды жүзеге асыра отырып, Қазақстан жоғары технологиялық салаларға түрткі болады. Бұл «жасыл технологиялар», «балама энергетика» және «энергия үнемдеу» сияқты салалардағы жобалар.

Қазіргі кезде айтылып жүрген «жасыл экономика» елдегі алғашқы орындарға сенімді шығып келеді. Сарапшылардың пікірі бойынша дәл осы «жасыл эконо­мика» Қазақстан үшін болашақ жаһандық экономикадағы өз беделді ұстанымын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Н.Ә.Назарбаевтың пайымдауы бойынша мұнай тұтынысын қысқарта отырып, ЖІӨ өсімінің жоғары қарқынын қамтамасыз ете алатын ел бәсекеге қабілетті және жаһандық экономикада биік қамалдарды алуға да қабілетті болмақ. Бұл ретте әңгіме бизнес саласы туралы ғана болып отырған жоқ, экономиканың қарқынды өсімі – әлеуметтік саланың тұрақтылық кепілі. Энергетикалық қауіпсіздікті жаңа мағына­да қамтамасыз еткен мемлекет саяси дағ­дарыстармен қақтығыспайды. Ал жаһан­дық экономиканың «қара аймақтан» «жа­сыл аймаққа» көшуіне орай «дүмпу­-лер» күшейе түседі.

Елді жақын болашақта күтіп тұрған ең ірі оқиға да осымен байланысты. Астанада ЕХРО-2017 Халықаралық көрмесіне қатысу туралы шешім қабылданып, оған дайындық та қызу басталып кетті. Оның басты ұйымдастыру тақырыбы – Бола­шақтың энергиясы. Осылайша, бұл – елді одан да тұрақты дамыта түсу жұмыстары кезінде сөзсіз зор мағынаға ие болатын ең тағдыр шешті жобалардың бірі болмақ.

Болашақтың жобасын құру – Қазақ­станды дамытуды стратегиялық жоспар­лаудың айнымас бөлігі болып табылады. Осындай ұстаным адамдардың игілігіне жұмыс істейтін елеулі нәтиже әкеле отырып, өзін-өзі ақтайды.




Көрілген: 2919    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.09.2013, 13:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30