Зобалаң

«Албастысайда» Алаштың азаматтары көмусіз қалыпты

  • «Албастысайда» Алаштың азаматтары көмусіз қалыпты

    «Албастысайда» Алаштың азаматтары көмусіз қалыпты

Шымкенттегі Қайтпас елді мекеніне барар жолға келіп тірелген терең әрі кең жыра бұрын «Албастысай» аталып келген. Үлкен жол бойына сол бір зобалаң жылдардан сыр шертіп, әрі-бері өткен адамдарға ой салатындай етіп мемориал-кешен орнатылған. Сол тұстан басталған үлкен сай ирелеңдеп күншығыс жаққа созылып жатыр. Ал сайдың екінші басында ерте заманда адамдардың тіршілік еткенін білдіретін, бүгінге дейін көмескіленіп жеткен белгілер әлі бар. Яғни биік тепсеңнен қарасаңыз, төменде, сай етегінде бір замандардағы жер үйлердің орнын, әлдебір терең орларды көруге болады. Сонымен қатар кей жерлерден ескі құдықтың орнын, мал қамаған орындарды, қолдан қазылған жеркепелерді, тіпті асығыс көмілген шұңқырларды байқайсыз. Осының өзі-ақ бұл сайдың тегін еместігін білдіріп тұрғандай.

Қайтпас елді мекенінің тұрғыны Өл­мес­хан Жәнібеков жастау кезінде өз ауы­лында тұратын Шақабай есімді ағасының әлгі сайдың екі қапталында 50-60 шақты қолдан қазылған үңгір болғанын ай­тып отырады екен. Сол замандарда ата-ба­баларымыз сайдың екі жағына киіз үй­лерін тігіп, малы мен тері-терсегін, тіпті те­зе­гіне дейін әлгі үңгірлерде ұстаған бол­са керек. Ал ағын су болмағандықтан, сай табанынан құдық қазып, өздері де, малы да сол құдықтан шөл қандырған болса ке­рек. Кейін коллективтендіру науқаны бас­тал­ғанда адамдар қазіргі Қайтпас елді мекеніне қоныс аударған. Себебі бұл маң­да «Орта арық», «Кемер арық» деп атала­тын суы мол арықтар болған деседі. Арада бірнеше жылдар өткенде ескі жұртқа те­зек теріп барған қыз-келіншектер шөп пен қамыс басқан терең сай етегіндегі үңгірлер мен шұңқырларды көріп қорыққандықтан, көздеріне әлдене елестегенін айтып келеді екен. Сол кезден бастап ол сай «Албас­ты­сай» деп аталып кетіпті.

Міне, сол қарғыс атқан атау туралы Өл­мес­хан аға ашына әңгімелейді: «Ол кез­де осы атауға ие болған бір кездегі ата-ба­ба­ларымыздың ескі қонысы кейіннен ЧК, одан кейін ВЧК, ОГПУ деп аталған меке­менің көзіне түсіп, алдымен бай-кулак деп танылғандарды, сосын қожа-молдаларды, одан кейінгі жылдары тіпті «халық жауы» болып шыға келгендерді жасырын апарып жазалайтын таптырмас орынға айналып ке­тіпті. Сол бір зұлмат жылдары өмір сүр­ген Торыбай деген ағамыз: «Ол жер әсі­ресе 1926-1936 және 1937-38 жылдары өте қорқынышты орынға айналды. Себебі түнімен сол сайда мылтық пен тапаншаның тарсылдаған дауыстары толастаған емес. Тіпті 1953 жылға дейін жергілікті тұрғын­дар сол тұстан өткенде үрей құшағында бо­лып келді. Түн ортасында қараңғылықты тілгілеген машина жарығы «Албастысайға» түскен соң, көп ұзамай атылған мылтық да­уы­сы ауыл адамдарының зәресін ұшы­ра­тын еді. Ал ертеңіне ЧК-ның адамдары ауылға келіп, мылтық атылғанын ешкімнің естімегенін, ешкім ештеңе көрмегенін, егер қандай да бір сыбыс шықса, ешкімді де аямайтындарын ескертіп, жұртты одан бетер қорқытып кететін», – деп айтып отыратын. Ал соғыс ардагерлері Сүттібай, Өтеген, Өмірзақ есімді ауыл ақсақалдары өткен ғасырдың 50-жылдарында-ақ әлгі терең сайдың етегіндегі үңгір-кепелердің ішінде адам сүйектері шашылып жатқанын көргендерін айтатын».

Өлмесхан ЖӘНІБЕКОВ, Қайтпас елді мекенінің тұрғыны:

– Үлкендер ол жаққа бармаңдар деп қанша айтса да, тыңдамай жасы­рын кетіп қалатынбыз. Сай табанында шашылып қалған бұйымдар, жартылай өртенген сандық, келі-келісап, басқа да тұрмыстық заттар, тіпті өртенген бе­сікті де көрдік. Бірақ оларға қол тигізуге батылымыз бармайтын. Ал көргенімізді біреуге айтуға жүрексінетінбіз.


Сол заманда ойын баласы болған Өте­ген есімді қария да қозы-лақ жайып жүріп сол бір қорқынышты сайға талай мәрте барған екен. «Жартылай ғана көмілген сай қапталындағы үңгірлердің ішіне атылған адамдардың денелерін дестелеп жинап кете берген екен. Сондай үңгірлердің кей­бірінің сыртында да адам сүйектері ша­шы­лып жататын. Ауыл адамдары бірігіп ба­рып, оларды жинап көмгенін де талай мәр­те көрдік қой», – деп айтатын Өтеген ата да.

Саяси құғын-сүргін науқаны жүріп жат­қан жылдары бұл сайға саясатпен ешбір ісі болмаған қарапайым адамдарды да әке­ліп, жазықсыз жазалағаны тарихтан мә­лім. Сол зобалаң құрбандарының ұр­пақ­тары «Қасірет» мемориалына жыл сайын келіп, боздақтардың рухына бас иіп тұра­ды. Солардың бірі Шәріп ағамыз өз әкесі Есенаманның Созақ базарына қора­сын­да­ғы бес-алты қойын сатуға әкетіп, қайта орал­ма­ғанын айтады. ОГПУ қызметкерле­рі ба­зар­ды қоршап алып, ондағылардың бәрін түгел бай-манаптар деп ұстап, жа­йыл­ма­ның құмына апарып атып тастаған. Тіпті еш­бір үкімсіз шейіт болғандардың де­не­сін туыстарына бірнеше күн бермеген де екен.

Айта берсек, мұндай қасіретке толы оқиғалар тіпті көп. Енді тек сол бір сұмдық ке­зеңнің жазықсыз құрбандарына арнап Құран бағыштап тұру, оларды мәңгі есте сақ­тау бүгінгі ұрпақтың парызы болып қал­мақ. Себебі тарих ұрпақ жадында сақ­та­луы керек. Тәуелсіздіктің оңайлықпен қол­ға келмегендігін, соның қадіріне жетіп, бағалай білу керектігін се­зін­діру керек.




Көрілген: 3047    Пікірлер: 0

жұма, 31.05.2013, 13:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30