Зобалаң

«Қасірет» – бабалар ғұмырының қасіретті куәсі

  • «Қасірет» – бабалар ғұмырының қасіретті куәсі

    «Қасірет» – бабалар ғұмырының қасіретті куәсі

Қапездің әні еске оралады. «Алаш қонған ақбоз үй бос қалды ма, Жетім-жесір қасында дос қалды ма? Өкінбейін десем де, өзегім бар, өтіп кетті дүние қас қағымда». Қасіретті заман келмеске кетті. Дегенмен сол кер заманның кесірлі жылдары ұлтымыздың тең жартысынан айырылып қалдық. Жер бетінен ұлты үшін әділдік іздеген Алашшыл ұлдардың рухын көк Тәңірісі өзімен бірге алып кетті. Соңғы демі қалғанша намысына тыртысқан ұлтымыз сол зұлматты да басынан өткерді. Саяси-қуғын сүргін бізге не берді? Әрине, шаң басқан архивте есімдері тергеу абақтысында сарғая бастаған Алаш азаматтарының ерліктері сақталып қалды. Сол шейіттерге жербетілік құрмет – мәрмәрдан қашалған алып ескерткіш, кесенелер тұрғызылды.

Ату жазасына кесілгендердің барлығы да бұрынғы «Албастысай», қазіргі «Қасі­рет­те» жатыр. Шымкент қаласындағы «Қа­сі­рет» мемориалдық ескерткіштер ке­ше­ні ор­наласқан жер бұрын «Албастысай» ата­лып келгені белгілі. Айтары көп осы бір атаудың астарында талай сырдың жатқаны анық. Дегенмен белгілі шежіреші, тарих­шы Момбек Әбдіәкімұлы «Албастысай» ата­уы 1932 жылға дейін де болғанын ай­тады. Ну қамыс басқан, батпақты алқапта Қоқан хандығы кезінде қарсыласқан қа­зақ­тарды дәл осы жерде өлтіру жүзеге асқан екен.

Момбек ӘБДІӘКІМҰЛЫ, тарихшы, шежіреші:

– Кейіннен НКВД-ның бастығы Н.И.Ежовтың әйгілі №00447 «опера­тивті» бұйрығы негізінде жазаланған­дар­дың да қаны дәл осы сайда төгілді. Сталиннің 1932 жылғы шілдедегі бұй­рығы бойынша, НКВД антикеңестік азаматтардың көзін төрт айдың ішінде толық жойып бітуі керек болатын. Осы­ның кесірінен оңтүстікте І этапта – 1711 адам, ІІ этапта 1311 адам атылған. 12 мың­ға таяуы сегіз жылдан 12 жылға дейін сотталды. Ату жазасына кесілген­дер­дің барлығы да бұрынғы «Албасты­сай», қазіргі «Қасіретте» жатыр.


«Әзәзілге сендің бе, айтқанына көндің бе, халқым» деген Қапезді «жау деп ұстап бердің бе?!» деген әнін Рамазан Стамға­зиев­тің орындауынан тыңдаған шақта жүрегіңнің шымырлары сөзсіз. Міне, ұлты­мыз­дың сан мыңдаған Қапездей ұлдарын қорғасын оқ тескен «Қасіретте» тұрмын. Ұл­тымыздың рухын бәрінен биік қойған ардақтыларымыз кешегі саяси қуғын-сүр­гіннің құрбаны болды. Қазақтың қазақша сөйлегені үшін де жазаға тартылған зама­н еді ол жылдар. Облыстық қуғын-сүргін құрбандары мұражайының ұйымдасты­руы­мен мамырдың 31-і күні өтетін елім деп өткен есіл ерлерді еске алу іс-шара­сына ұлыдан қалған ұрпақтар келе жатыр. Жазықсыз жапа шеккендердің артында қалған тұяқтары да талай теперіш көргені белгілі. Дегенмен асылдың сынбасы аян. Сол асылдарымыз ортамызда болып, оң­түстікқазақстандықтармен кездеспек.

Атап айтар болсақ, Астанадан Бақыт­керей Бейсенованың қызы Роза Бейсенова, Алматыдан Асылбек Сейітовтің қызы Клара Сейітова, Ілияс Жансүгіровтің ұлы Саят Жансүгіров, Жұмат Шаниннің ұрпағы Болат Шанин, Құдайберген Жұбановтың қызы Қызғалдақ Жұбанова, Ғабдулхакім Бөкейхановтың ұлы Диас Бөкейханов, Сәкен Сейфуллиннің туысы Рымжан Сей­фул­лин келмекші. Ташкенттен Садықбек Сапарбаевтың қызы Сара Мұхаммедова, Искандер Саттархановтың ұлы Абдуғани Саттарханов оңтүстікке қадам баспақшы. Сонымен бірге Алашорданың қырғыз қана­ты атанған Қырғызстандағы Арабаев университетінің ректоры Төлебек Абұлы, ғалым Шәріп Амантай да осы игі-шара­ның қонағы болмақ.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты халықаралық жоба­ның аясында «Тарих қасіреті» ак­ция­сы өткізілмекші. Шара аясында кеше об­лыс­тың оқу орындарында ашық тақы­рып­тық «Тарих сабақтары», Шымкент қала­сы­ның көрікті жерлеріне экскурсия, «Қасі­рет» мемориалында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу митингі, Саяси қу­ғын-сүргін құрбандары мұража­йында «Кі­нә­сіз құрбандар қасіретінің сабағы» атты саяси қуғын-сүргін құрбан­да­рының ұр­пақ­тарымен кездесу, Ж.Шанин атындағы драма театрында «Тарих қасіреті» театр­ландырылған қойлым, М.Әуезов атын­дағы ОҚМУ-да «Тарихи қа­тал шындық және ортақ тағдыр» тақыры­бымен дөң­гелек үстел ұйымдастырыл­мақшы. Соңын­да облыс әкімі – ОҚО Казақстан халқы Ассамблеясы төрағасы­ның қабылдауы бо­лады деп күтілуде.




Көрілген: 3124    Пікірлер: 0

жұма, 31.05.2013, 13:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30