Абай облысының Аягөз ауданында дала өрті тіркелді, – деп хабарлайды Alashainasy.kz Semeynews.kz сайтына сілтеме жасап.
Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, соңғы екі тәуілікте Аягөз ауданында дала өрттері тіркелді.
“Аягөз ауданында шыққан дала өрттерінің екеуі толық сөндірілді. Бүгін сағат 9.10-да Аягөз ауданының Баршатас ауылдық округінде құрғақ дала шөптері өртеніп жатыр. Қазіргі уақытта оқиға орнында өрт сөндіру және жергілікті атқаруы органдардың қыметкерлері өртті сөндіруде. Өрт алаңы анықталуда”, – делінген ведомство хабарламасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін өңірдің бес ауданында дала өрттерімен күрес жүріп жатқанын хабарлаған болатынбыз.