Қоғамдық палата

Оралда өткен ғылыми-практикалық конференцияда дінге қатысты мәселелер талқыланды

  • Оралда өткен ғылыми-практикалық конференцияда дінге қатысты мәселелер талқыланды

    Оралда өткен ғылыми-практикалық конференцияда дінге қатысты мәселелер талқыланды

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Министр Орал қаласында «Дін және ұлттық тарих» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Конференцияның ашылуында сөйлеген сөзінде Нұрлан Ермекбаев дінді ұстанушылардың толеранттылық қағидасын ұстануы және радикалдандырудың алдын алудың маңыздылығын атап өтті.

«Діншілдік пен радикализмнің арасындағы айырмашылықты қарапайым сөзбен айтсақ, дін жолында жүретін адам - өзінің құдайға деген сенімін жүрегінің түбінде ұстап, тек қана игілікті істер жасауға ұмтылады. Және ондай адамдар ешкімді дін жолына күштеп түсіруге әреттенбейді. Ал, оның ұстанып отырған діни жолына қызығушылық танытқандарға аталған тұлға ашықтық танытып, қолдан келген көмегін аямайды. Міне дұрыс діни жолды ұстанған адамдар осындай әрекеттерімен ерекшеленеді» - деп атап өтті Дін істері және азаматтық қоғам министрі.




«Егер басқаларға сеніміңді мәжбүрлеп таңып, кінәлап, мінез-құлқың «дұрыс емес» деп айыптасаң, тозаққа барасың деп қорқытып, «кәпір» сияқты сөздерді қолдансаң - бұл радикализмнің белгілері. Құдайға сену - әрбір адамның жеке ісі. Өзге адамдарды діни жораларды толығымен орындамағаны үшін немесе сенбегені үшін айыптап, жазғыруға болмайды»- деді министр Нұрлан Ермекбаев.

Министр өз баяндамасында Қазақстанның аумағында діннің пайда болуы туралы баяндап, сонымен қатар еліміздің тарихын, ұлттық және рухани дәстүрлерін білу және құрметтеу керектігін.атап.өтті.

Айта кетерлігі, ғылыми-тәжірибелік конференцияны Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ұйымдастырып отыр. Конференция аталған облыстың әкімі - Алтай Күлгінов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, отандық сарапшылар, теологтар мен дінтанушылар қатысты.


Алаш айнасы




Көрілген: 1432    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.11.2017, 22:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Мамыр 2017
    Audi арба (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30