Көліктерімізді өрттен қорғайық!

Көліктерімізді өрттен қорғайық!

Қауіпсіздік ережесі барлық салаға, барлық жерге қатысты. Соның ішінде көлікте қауіпсіздік ережесін сақтаудың маңызы зор. Өйткені статистика соңғы жылдары көлік өртінің көбейіп кеткенін байқатып отыр. Ал алда жалда рөлде келе жатқаныңызда көлігіңізде өрт шықса, көліктен бұрын өзіңізді құтқаруға тырысарыңыз анық. Сондықтан қауіпсіздік ережесін сақтауға тырысу керек. Статистикаға сенсек, жыл сайын ел бойынша 2 мыңнан астам автокөлік құралдарында өрт шығады екен. Бұл өрттердің жалпы санының 20% құрайды.
Елімізде 2016-2019 жылдары газбен жабдықталған көлікте 374 өрт тіркелген. Және осы өрттердің салдарынан 5 адам қаза болды, оның ішінде 2 бала, 34 адам жарақат алған. Автокөлікте болып жатқан өрттер соңғы уақытта өрт сөндірушілер үшін өзекті мәселеге айналды. Сырттан әкелінген шетелдік көліктер ұзақ жыл бойы қолданыста болғандықтан және электр сымдарының тозуы, сондай-ақ, дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзу салдарынан өртенуде. Қасақана өрт қою фактілері де статистиканы толықтыруда. Сонымен бірге жүргізушілердің көпшілігі міндетті түрде орындалуы тиіс маусымдық профилактикалық іс-шараларды уақытылы жүргізбейді. Автокөлікті ұзақ пайдалану және қолдан жасалған сақтандырғыштарды қолданудың нәтижесінде өрттің туындау ықтималдығы күшейеді. Автокөліктерді қазіргі заманға сай етіп жасау кезінде көп жағдайларда полимерлер, пластик және басқа да синтетикалық материалдар қолданылады, олардың барлығы да тез жанғыш. Мұндай материалдар жанған кезде бөлінетін газдар аса улы. Автокөліктегі өрттердің туындау мүмкіндігін барынша азайту үшін көлік жүргізушілеріне түсіндіру, ақпараттандыру жұмыстары көбірек жүргізілуі керек.
Осы орайда айта кетер жайт, соңғы кездері елімізде газбен жүретін жеңіл көліктердің саны артып келеді. Автомобиль көлігін газ тәрізді отынмен жұмыс істеуге жаппай көшіруді және тұрғын үйлердің, сауда ойын-сауық орталықтарының паркингтеріндегі газдың шығу иісін анықтау бойынша азаматтардың көптеген шағымдарын ескере отырып, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті 2019 жылы газ баллон жабдықтарымен жабдықталған автомобильдердің жабық тұрақтарына кіруіне тыйым салу туралы тиісті заңнамаға толықтырулар енгізді. 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 921 Үкімет қаулысына сай тұрғын үйлерге және қоғамдық ғимараттарға кіріктірілген және жапсарлас салынған бөлігінде автотұрақтарға өрт қауіпсіздігі қағидаларына сай газбен жүретін көліктер кіргізілмейді. Бұл талаптар 2000 жылдан бастап мемлекетаралық және Ұлттық құрылыс нормаларында көзделгенін атап өту қажет. Төтенше жағдайлар қызметінің талабына сай енді
- газ баллонын тексеру мерзімі өткен көлік құралын пайдалану;
- газ жабдығы бұзылған және газдың кемуі болған кездегі қозғалтқыштың жұмысы;
- тамақтану жүйесінде газ болған жағдайда жөндеу жұмыстарымен айналысу;
- толтырылған баллонмен ГБЖ қосылыстарын бекіту;
- қысыммен арматураны қағу;
- ақаулы ГБЖ бар автокөлікті жабық үй-жайға қою;
- қозғалтқышты іске қосу, газбен гаражға кіру және шығу;
- ашық блоктың вентильдері бар гаражда газ баллонды автокөлікті сақтау;
- газ баллоннан және ГБЖ жүйесінен үй-жайда оталдыру;
- ГБЖ қосылыстарының герметикалығын отпен тексеру;
- ГБЖ толтыру кезінде газ толтыру шлангісінің жанында болуға тыйым салынады. Ал алда жалда көліктен газ шығуы байқалған жағдайда
- автокөлікті адам аз жерде тоқтату;
- жануды өшіру;
- шығыс вентильін жабу;
- жолаушыларды түсіру;
- сақтық шараларын сақтай отырып, баллоннан газды атмосфераға шығару;
- бензинге ауысу және мамандандырылған ТҚС көрсету ережелерін сақтау керек. Ал өрт туындаған кезде – өрттідереу өшіріп, шығыс вентильін жабу;
- өрт сөндіргіштің немесе топырақтың көмегімен жануды жоюға тырысу керек. Жақында Нұр-Сұлтан қаласында көлік өрттерінің көбейіп кетуіне орай Астана қаласы Сарыарқа аудандық Төтенше жағдайлар департаменті мен «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері көліктердегі өрттің алдын-алуға арналған үгіт-насихат шараларын жүргізді. Олар автокөлік иелеріне өртенген көліктердің суреттері салынған күнтізбелерді таратып, көше бойындағы ғимараттарға арнайы плакаттар ілді. Өткен жылдың өзінде Елордада 150-ге жуық көлік өртеніп, материалдық залалдың көлемі 12 миллион теңгеден асқан. Астана қаласы Сарыарқа ауданының Төтенше жағдай басқармасы мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің аға инженері Мақсат Басболатов: «Өрт санының көбеюі, адамдардың өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамауы, электр сымдар, сигнализация, автооталдырғыш осының бәрін машинаға орнатуы салдарынан көбейіп отыр. Қозғалтқыш бөлігінде өрт шыққан кезде оттегі ағынынан жалынның өршуін болдырмау үшін автокөліктің капотын толығымен ашып тастауға болмайды. Осындай жағдайда автокөлік капотын 3-4 см. ғана кішкене ашып, өрт сөндіргішті жанып жатқан аумаққа бағыттап, өрт сөндіргіш затты себу қажет. Сонымен қатар жануды тез арада табу және оны жою үшін шараларды тез арада қабылдау өте маңызды. Бензин, күйген оқшаулағыш иісі және автокөлік капотының астынан шыққан түтін сияқты факторлар өрттің шығуының себептері болуы мүмкін. Ал автокөліктегі өрттердің шығу себептерінің ең кең таралған түрі – қысқа тұйықталу, энергия тұтынатын қондырғыларды қосымша пайдалану салдарынан электр жүктемеге шамадан тыс күштің түсуінен туындайды. Сондықтан оқшаулағыштардың жағдайы мен байланыстар сапасына аса назар аудару қажет. Электр жүйесіндегі барлық өзгерістер мен сымдардың біріктірілуін мүмкіндігінше білікті мамандар сапалы тексерулері тиіс» дейді.
Жұмажан Жаңбыров, Қазақ көлік академиясының профессоры, Техника ғылымының докторы, профессор:
- Шынын айту керек, бұрын көлік өрттері туралы естімейтінбіз. Қазір көшенің қақ ортасында өртеніп жатқан көліктерді жиі байқаймыз. Бұл өте қауіпті. Сондықтан автокөлігіңізде өртті болдырмау үшін отты қолданғанда ұқыпты әрі абай болу керек. Ең бастысы – автокөліктің қозғалтқышын жөндеу кезінде өз күштеріңізге ғана сенбеңіздер. Пайдалануда болған сақтандырғыштардың орнына зауытта жасалған сақтандырғышты сатып алу керек, ол сізге электр сымдарының қысқа тұйықталу қауіпсіздігіне кепілдік береді. Арнайы техникалық қызмет көрсету стансыларында да қауіпті жағдай орын алуда. Автокөліктердің көбеюіне байланысты әрбір қиылыста жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар іспеттес ТЖО және автожуу орындарының саны артуда. Өкінішке қарай, осы сервистердің қызметкерлері өз шеберханаларының тиісті өртке қарсы жағдайын сақтамайды. Белгіленбеген орындарда темекі шегеді, тиісті өртке қарсы іс-шараларсыз дәнекерлеу жұмыстарын жүргізеді. Мұндай бұзушылықтар міндетті түрде өртке әкеледі. Газды пайдаланатын автокөліктер үлкен алаңдаушылық тудырады. Үнемділігі мен қоршаған ортаға келтіретін зиянының аздығымен қатар газ-баллон жабдықтарын пайдаланумен байланысты бірқатар проблема да бар. Мамандандырылмаған стансыларда сапасыз жабдықтарды орнату көбіне олардың істен шығуына, соның салдарынан жарылыс пен өрттің туындауына әкеп соқтырады. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін жабдыққа және оған кәсіби монтаждау жүргізу үшін стансыны таңдауда қаржыны үнемдеудің қажеті жоқ. Сондай-ақ, газбен жабдықталған автомобильдер қызмет көрсетуде көп назар аударуды талап ететінін ұмытпаңыз. Автокөлігіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қозғалтқыштың жарамдылығын үнемі бақылап отыру керек. Электр сымдарында ақаулықтар болса, май немесе бензин аққан жағдайда автомамандарға хабарласыңыз. Ең бастысы, сыйымдылығы 2 келіден кем емес ұнтақты немесе көмірқышқыл құрамды жарамды өрт сөндіргіші болуы керек.

Қуаныш ЕРМЕКОВА
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста