Құтқарушылар қашанда зор құрметке лайық!

Құтқарушылар қашанда зор құрметке лайық!

 Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың, дәрігерлер мен ұшқыштардың, кинологтар мен психологтардың жұмысы қиян-кесті ұрыс даласындағы соғысты көзіңе елестетеді. Өйткені бір адамды қатерден аман алып қалудың өзі қаншалықты күшті, жауапкершілікті, ерлік пен өрлікті талап етеді емес пе? Міне, осындай жүгі ауыр салада жанкештілікпен еңбек етіп жүрген мамандардың арқасында еліміз өсіп, өркендеп келеді. Биыл Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік Комитетінің құрылғанына 25 жыл толып отыр. Ширек ғасыр бойы төтенше жағдай саласының қызметкерлері от пен судың ортасында жүріп, түрлі апаттармен арпалысып, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалды. 


Біздің елімізде осы бір қиын да, қызықты мамандықты өмірінің мәніне айналдырған адамдар бар. Олардың өмірі мен еңбегі талайларға үлгі. Өйткені олар өздері таңдаған мамандықты шын сүйеді, әрі өздері еңбек ететін салаға жан-тәндерімен берілген. Мұндай мамандар үшін атақ-абырой мен табыс та бірінші орында емес, маңыздысы – кәсіптеріне деген адалдық. Біз бүгін жанымызда жүрген осындай жақсы адамдарды оқырмандар біле жүрсін деген мақсатпен олардың күнделікті өмірінен бірнеше мысал келтіруді жөн санап отырмыз.

Қанафин Нұржан Алтайұлы


Кез келген апатты жағдайда қырағылық танытып, елге қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан мамандардың бірі – Азаматтық қорғау старшинасы, Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Қанафин Нұржан Алтайұлы. Бүгінде жасы 34-ке келген азамат 2009 жылдан бері азаматтық қорғау органдарында қызмет етіп келеді. Ол 2020 жылдың басынан бері 6 өрттік-тәжірибелік жаттығуға қатысқан, 23 өрт сөндіру, оның ішінде 5 дала өрті және 4 апаттық-құтқару жұмыстарына жетекшілік етті. Кезекші қарауылмен бірге ол 16 адамды, 5 дана техниканы аман алып қалды. Ағымдағы жылдың 2 мамырында Долинка ауылының Набережная көщесіндегі 5-ші үйдің ағаш шатыры, моншасы, басқа да шаруашылық құрлыстары қызыл жалынға оранып, 100 шаршы метрдей аумақ өртенген кезде бөлімше командирі Нұржан Алтайұлының сауатты шешім қабылдап, әрекет етуінің арқасында өрт қысқа мерзімде сөндіріліп, үйдің негізгі бөлігі сақталды. Бұл білікті маманның күнделікті қызметінен алынған бір мысал ғана. Және бір мысал, 2020 жылдың 5 шілдесінде Н.Қанафин Газ-түтіннен қорғау тобына жетекшілік етіп, Шахтинск қаласында жанып жатқан үйден әйел адам мен оның 1 топтағы мүгедек баласын (туа бітті мүгедек) алып шыққан. Сондай-ақ осы өртті сөндіру кезінде Нұржан Алтайұлының басшылық еткен топ 13 адамды, оның ішінде 1 баланы өртеніп жатқан үйден аман алып шықты, адам шығыны болған жоқ.
Нұржан Алтайұлы өзінің осы төтенше жағдайлар саласында қызмет ететініне еш өкінбейтінін айтады. «Біздің жұмыс оңай емес, күндіз-түні адам өмірі үшін арпалысамыз, шаршайтын да кездер болады. Бірақ ешқашан өзім таңдаған осы саладан кету жөнінде ойламаппын. Өз мамандығымды жақсы көрем, адамдарға пайдам тиіп, қоғам үшін еңбек етуді борышым деп санаймын», дейді ол.

 

Әнуар Еркебұлан Нұрлыбекұлы


Бала кезінде түрлі ойыншық көліктермен ойнап, өзін бірде өрт сөндіруші, бірде жедел-жәрдем көлігінің жүргізушісі, енді бірде ұшқыш, бірде құтқарушы болып елестетпеген бала жоқ шығар, сірә. Осындай бала қиялын ержеткенде жүзеге асырған қарапайым азаматтардың бірі Әнуар Еркебұлан Нұрлыбекұлы. Азаматтық қорғау старшинасы, Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Еркебұлан 1988 жылы туған. Ол азаматтық қорғау органдарында 2012 жылдың маусымынан бері қызмет етіп келеді. Еркебұлан 2019-2020 жылдар аралығында 55 өрт апатын сөндіруге қатысқан. Осы өрттің үшеуі өте күрделі апат болды. Ол 4 жағдайда өрт өндірушілерге жетекшілік етті. 6 рет түтін басқан аймақта ТОҚЖҚ (тыныс алу органын қорғайтын жеке құралмен) жұмыс істеп, ұстамдылықпен төзе білген. Сондай-ақ ол 10 апаттық-құтқару жұмыстарына атсаысқан. Кезекшілік ауысым құрамына жетекшілік етіп, 4 адамды өлімнен құтқарып, 8 ғимаратты, 1 техниканы сақтап қалды. Еркебұланның күнделікті жұмысынан бір мысал келтірсек, 2020 жылдың 4 наурызындағы оқиғаны айтуға болады.
2020 жылдың 4 наурызында 23:01-де Малшыбай ауылынан Байлыбақан қыстауына қарай жаяу шығып кеткен екі адамның адасып еткені жайлы хабарлама түседі. Аталған жерге «ТРЭКОЛ» арнайы техникасымен Әнуар Еркебұлан бастаған кезекші топ барды. Бөлім командирі Еркебұлан Нұрлыбекұлының нақты әрекеті мен кәсіби біліктілігінің арқасында сағат 2:19-да Малшыбай ауылынан 8 шақырымдай оңтүстік-шығыс бағытындағы ашылқ далада адасып кеткен екі адам табылды. Олар әбден әлсіреп, қардың үстінде қозғалыссыз жатқан. Құтқарушылар екі адамға дереу көмек көсетіп, оларды аман алып қалды.

Ковтун Александр Сергеевич


Төтенше жағдайлар қызметі саласының ержүрек, батыл әрі парасатты мамандарының бірі – Ковтун Александр Сергеевич.  Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің азаматтық қорғау аға сержанты, №10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Александр Сергеевич 1981 жылы туылған. Ол азаматтық қорғаныс саласында 2005 жылдың қыркүйегінен бері қызмет етіп келеді. Тәжірбелі маман 2020 жылы 27 өртті сөндіруге қатысқан. Ол өрт сөндіружәне оқу-жаттығу жұмыстары кезінде өте батыл әрекет етеді, тәуекелшіл, техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтайды, кез келген жағдайда тәртіпті бірінші орынға қояды. Александр бірнеше рет тыныс алу мүмкін емес жағдайларда да жұмыс істеп, асқан төзімділік, салқынқандылық танытты.
 

2020 жылдың 30 сәуірінде жергілікті уақыт бойынша 05:24-те Қарағанды қаласындағы Ерубаев көшесі 48/1 үйдің түтіндеп жатқаны жайлы хабарлама түседі. Оқиға орнына №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен арнайы топ жіберілді. Мұнда 5 қабатты үйдің екінші подъезін түтін алып кеткен, өрт бірінші қабаттағы пәтерлердің бірінде басталған. Қатты шыққан түтіннен жоғары қабаттағы тұрғындардың өміріне қауіп төнді.
А. Ковтунның ұзақ жылдық тәжірбесінің арқасында түнгі мезгілде тұрғындардың көбі ұйықтап жататындықтан есіктерін қағып ояту мүмкін емес екендігін, олардың өздігінен үйден шығуы өмірлеріне қауіпті екенін бірден түсінді. Мұндай жағдайда әр секунд құнды.
Ковтун А.С. газ-түтіннен қорғау тобына жетекшілік етіп, түтіндеген подъезге кіріп, адамдарды құтқаруға кірісті. Ол қалың түтін ең соңғы 5 қабатта екенін бірден түсініп, құтқару жұмыстарын 5 қабаттан бастады. Ештеңе көрінбейтін, ыстық үйдің ішінде жұмыс істеуге тура келген. Жоғары қабаттағы пәтерлердің бірі ашық қалып, ішіне түтін толып алған екен. Аға сержант Ковтун А.С бастаған топ пәтерді тексеру кезінде түтінге тұншыққан 3 адамды (біреуі бала) көріп, санаулы секундтарда құтқарушы топ тұрғындарға құтқарушы қалпағын кигізіп, түтін құрсауынан алып шықты. Оларды адамдарды подъезд арқылы көшеге дейін шығарып, жедел медициналық көмек тобына табыстады. Осылайша бір отбасы құтқарылды. Ал құтқарушы топ жұмысын ары қарай жалғастырды. Азаматтық қорғаныстың аға сержанты Ковтун сауатты, кәсіби, нақты әрекет етіп, өртке орынған үйдің 10 тұрғынын (3 бала) улы газбен уланудан құтқарды.


Құтқарушының ең басты міндеті – адамдар өмірін құтқару, бұл өте жауапты миссия. Халықтың бейбіт өмірін, тұрмыстағы, өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттық жағдайға жол бермеуді қадағалап, қалтқысыз қызмет ететін құтқарушыларға деген құрмет қашанда жоғары болуы керек. Апат айтып келмейді. Тілсіз жау тап бергенде азамттарға бірінші болып көмекке ұмтылатын төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушыларының еңбегіне табыс тілейміз. Құтқарушы болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бұл мамандықты адамның өзі емес, керісінше құқарушылық қызмет адамды таңдайтындай ой қалдырады. Өйткені бұл салада тек үлкен жүректі, білімді де, білікті, кез келген жағдайға әрдайым әзір, машыққан тәжірибелі адамдар қызмет етеді. Құтқарушылар физикалық жағынан мықты әрі кәсіби маман болып қана қоймай, өздерінің тынымсыз қызметінде апат, зілзала, өрттен бөлек түрлі жағдайларда зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетуге де әрдайым әзір.


Айнұр Нұрсабет

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста