Құтқарушылардың қызметі ерлікпен тең!

Құтқарушылардың қызметі ерлікпен тең!

Таудағы төтенше жағдай кезінде құтқарушылардың маңызы зор!

 Осы орайда айта кетер жайт, тау басына өрмелеушілердің тауға деген ықыласы ерекше. Олар кей жағдайларда тиісті орындардың ескертуіне де қарамастан тауға шығуға асығады. Ал аяқ асты күн райы бұзылатындай жағдай туындаса тау басының екі есе қауіпті екені айтпаса да түсінікті. Жалпы қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтау туристердің, тауға өрмелеушілердің өмірін құтқаратынын ұмытпауымыз керек. Осы орайда атап өтер жайт, тауға шығушылар ең алдымен, жабдыққа, құрал-саймандарға, киім мен аяқ киімге, тау айналасындағы байланысқа назар аудару керек. Тауға жорық жасаған кезде өз бағдарыңызды міндетті түрде тіркеу, нақты тауға шығатын жолды  білу, тәжірибелі жолсеріктердің қызметін пайдалану қажет. Бұл қағидалар тауға сәтті көтерілудің кепілі. Мұндай қауіпсіздік ережелерінің сақталуы таудағы жазатайым оқиғалардың алдын алады. Тауға шығушылар өз өмірлеріне қоса құтқарушылардың да қауіпсіздігін естен шығармауы қажет. Кейбір жағдайда тау басындағы адамдарға көмек керек болса да, таудағы қалыптасқан жағдайдың қолайсыздығына орай құтқарушылар әрекет ете алмайтын, құтқарушылар өз көмегін көрсете алмайтын жағдайлар туындайды. Сондай жағдайдың алдын алу үшін адамдар қауіпсіздік ережелеріне бағынуы керек. 

Құтқарушылар суда аса абай болуды ескертеді

Айта кетер жайт, адамдар өз күштерін жете бағаламай, көп жағдайда төтенше жағдайға өздері себеп болып жатады. Мәселен суға шомылуға арналмаған,  жабдықталмаған орындарда суға батады. Әрбір адам суға шомылатын су айдынының қауіпті орындары мен ерекшеліктерін білуі тиіс, өйткені жабдықталмаған жерлерде үйінділер, суға батырылған бөренелер, темір кесектері, шыны және басқа да заттар болуы мүмкін. Жақын келе жатқан катерлерге, кемелерге және моторлы қайықтарға қарсы жүзу өте қауіпті, себебі жүзу құралдарының түбіне жақын жүзіп бара жатқан адамның өміріне қауіп төнуі мүмкін. Жазғы демалыс кезінде балалардың да қауіпсіздігі маңызды. Су айдындарына, арықтар мен каналдарға жақын тұратын ата-аналардың жауапкершілігі жоғары болуы керек. Статистиканы сөйлетер болсақ, шомылу кезеңінің басынан бастап өз күштерін бағаламау себептері бойынша, суға шомылу кезінде алкогольдік мас күйінде, суға батушыны құтқару және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру кезінде 159 адам, оның ішінде 47 бала суға кетіп, көз жұмған. Салыстырмалы түрде айтар болсақ былтырғы жылы осы уақытта 204 суға кету оқиғасы орын алса, 70 бала суға кетіп көз жұмған. Яғни карантиндік жағдай көптеген жанның қауіпсіздік сақтауына сеп болып тұр деуге болады. Егер үнемі халық қауіпсіздік жағдайына мұқият болса, төтенше жағдай қызметіне, құтқарушыларға түсетін қоңырау саны азаяр еді. 

Құтқарушылар үнемі сақадай сай жүреді
Құтқарушылар түрлі жағдайларға тап болатындықтан үнемі бабында жүріп қана қоймай, физикалық дене жаттығуларын да шыңдап отырады. Үнемі оқу жаттығу жұмыстарын өткізіп, олардың талапқа сай екендігі де тексеріледі. Төтенше жағдайларды жою бойынша бірлескен іс-қимылдарын пысықтау бойынша өрт-құтқару тактикалық сабақтары өткізіледі. Оқу-жаттығу төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға дайындықты жетілдіру үшін өткізілетінін ескерсек, құтқарушылардың физикалық мүмкіндігі бақылауда екенін аңғарамыз. Құтқару авиациясының ұшу экипаждары мен құтқарушылардың осындай жаттығулары тұрақты негізде өтеді, олар қиын жағдайларда құтқару жұмыстарын жүргізу қажет болған жағдайда жаттығады. Айта кетейік, ұшу экипаждары мен құтқарушылар тікұшақтан парашютсіз десанттаудың әртүрлі әдістерін қолданады, оларды таулы жерлерде зардап шеккендерді іздеу кезінде су тасқыны аймағынан іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде бірнеше рет қолдануға тура келді. Сондықтан құтқарушыларға үнемі тыныштық жоқ. Халықтың қауіпсіздігін бақылап, төтенше жағдайлардан құтқарып отыратын қанатсыз періштелердің жұмысы құрметке лайық!

Қуаныш ЕРМЕКОВА
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста