Төтенше жағдай

Орал қаласы көркейіп келеді

  • Орал қаласы көркейіп келеді

    Орал қаласы көркейіп келеді

Қазақстанда өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында жасалған құрылыс, тұрғын үй саласындағы жұмыстар орасан зор. Өйткені аталған бағдарламада мемлекет қаражаты есебінен тұрғын үйлер салу, құрылыстарды жүзеге асыру мәселесі жан-жақты қарасытырылған.

БҚО әкімі Алтай Көлгінов қаладағы Зашаған кентіндегі Дақ 44, 45, 46 үйлердің құрылыс алаңдарында барып, салынып жатқан үш 9 қабатты тұрғын үй жұмысымен танысты. Құрылыс келер жылы аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысына «Нұрлы жер» бағадарламасы бойынша 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлініпті.

Осы бағыттағы атқарлып жатқан жұмыстарды қадағалау мақсатында БҚО әкімі Алтай Көлгінов Орал қаласындағы құрылыс және жөндеу жұмыстарына да барып қайтты. Кезекті аралап көру, тексеру барысында Даулеткерей, Кердері, Ғ.Қараш, Савичев, Досмұхамедов, К.Ахмиров көшелеріндегі жөндеу жұмыстарымен танысты. Қазір қалада жол жөндеу, асфальттау, тротуарларды жасау жұмыстары жүргізіліп қарқынды жүріп жатыр. Тамызда басталған құрылыстың орындалуы жоспарға сәйкес.

Сонымен қатар қаладығы Құрманғазы (Ә.Молдагғұлова мен Е.Пугачев аралығы) және М.Мәметова (Неусыпов пен Петровский) көшелерінде де жұмыс қызу. Бұндағы жұмыстар аяқталуға аз қалыпты. Өйткені құрлыс жұмыстары сәуір айында басталған болатын. Ал "Балауса" ықшам ауданында жолдарды жөндеу жұмыстары қыркүйек айында басталған еді. Сондықтан бұл жұмыстарды 2019 жылы аяқтау көзделіп отыр.

Барлық жұмыстармен танысып шыққан облыс әкімі жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, атқарылып жатқан істерге өз бағасын берді.


Нұрлы Еділов


 




Көрілген: 816    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.09.2018, 11:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31