Төтенше жағдай

Рүстем АХМЕТОВ: Тұтынушылардың құқығын қорғауды жүзеге асыратын құрылымдарды оңтайландыруымыз керек

  • Рүстем Нұрланұлы АХМЕТОВ

    Рүстем Нұрланұлы АХМЕТОВ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Рүстем Нұрланұлы АХМЕТОВПЕН сұхбат.


 


1. МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ РЕТТЕУ


– Табиғи монополияларды реттеуден басқа Сіздің Комитет бәсекелестіктің қорғауды да жүзеге асырады. Бұл әртүрлі міндеттер ғой, мүдделер қақтығысы бола ма? Соңғы бес жылда не өзгерді?

– Шындығында мүдделер қақтығысы жоқ, себебі мақсат біреу – мемлекеттің экономикалық әл-ауқаты. Саламатты бәсекелестікті қалыптастыру экономикалық өсудің міндетті шарты болады. Бәсекелестік технологиялық, экономикалық орынсыздық себепті мүмкін болмаған жағдайда қатаң бағалық реттеу орын алады.

2014 жылдан бастап Комитет Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес оларды ЭЫДҰ елдерінің стандарттарына сәйкес келтіре отырып, монополияға қарсы қызметтің жұмыс тұжырымдамасын және қолданыстағы заңнаманы жоспарлы түрде өзгертіп келеді.

Қазақстан үшін мүлдем жаңа монополияға қарсы реттеу құралдары – бұзушылық белгілерінің болуы және тергеп-тексеру басталғанға дейін жою мүмкіндігі туралы хабарлама жіберу, жария айтылған жоспарланған әрекетті жасаудан алдын ала ескерту шығару, заңнаманың нормаларын қосымша түсіндіру және нарық субъектілерінің оны сақтауына келісімін білдіру құралы ретінде монополияға қарсы комплаенс, сарапшыардың қатысуымен дауды сотқа дейін шешу рәсімі ретінде келісу комиссиясы және басқалар енгізілді.

Профилактикалық ықпал ету шараларына жататын осы институттарды енгізу қызметімізді бәсекелестікті қорғаудан оны дамытуға назар аударуға мүмкіндік берді.

Айтарлықтай ресурстар қажет болатын және бәсекелестікке елеусіз ықпал ететін тергеп-тексерулер саны едәуір қысқартылды.

Сонымен бірге, тауар нарықтарына жүргізілетін талдаулар және тиісінше бизнес жүргізу шарттарын өзгертуге және тауар нарығына кіруге бағытталған жүйелі шешімдер саны ұлғайды.

Осының мысалы қызмет түрлерінің толық тізбесін қабылдау арқылы мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын қысқарту бойынша жұмыс болып табылады. Мемлекеттік шаруашылық жүргізуші субъектілерді айтарлықтай қысқарту бұл нарықта мыңдаған кәсіпорындардың пайда болуы мен бәсекелестікті дамыту үшін маңызды алғышарт болады.

Немесе шаруашылық жүргізуші субъектілердің айрықша құқықтары, оларды іріктеудің конкурстан тыс тәртібі, мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың айқын емес өлшемшарттары сияқты заңнаманың бәсекелестікті шектейтін нормаларын анықтау бойынша жұмыс және т.б.

Сонымен қатар, Комитеттің бақылау функциясы қалады, бірақ ел Президентінің тапсырмасына сәйкес сөз байласулар мен картельдерді, мемлекет экономикасы үшін неғұрлым қауіпті және дәлелдеу қиын құқық бұзушылықтарды анықтауға назар аударылады.

Осы үшін монополияға қарсы органның мемлекеттік, квазимемлекеттік сектор, тауар биржалары және жер қойнауын пайдаланушылар өткізетін барлық сауда-саттық пен сатып алуға қол жеткізуі қамтамасыз етілді.

– Өзінің тамақ өнімдерін әкелуге тыйым салатын аквапарктер мен кинотеатрлар әрекеттерінің заңдылығы туралы сұрақ жиі қойылып отыр. Қандай кеңес бере аласыз?

– Өкінішке орай, бұрын осы мәселелерді шешумен монополияға қарсы айналысты, бұл көбінесе тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласына жатады, себебі сұрақты бәсекелестер емес тұтынушылар қойып отыр.

Түсіндіре кетейін. Монополияға қарсы реттеу тұрғысынан егер аквапарк немесе кинотеатр басқа қоғамдық тамақтандыру орындарымен бәсекелесіп, «өзінің» тамақ өнімдерін күштеп таңатын болса жосықсыз бәсекелестік фактісі орын алады.

Бұл жағдайда жосықсыз бәсекелестіктен қоғамдық тамақтандыру субъектілері зиян шегеді, себебі олардың бәсекелесі – аквапарк немесе кинотеатр ойын-сауық қызметімен қоса өзінің клиенттеріне өзінің қоғамдық тамақтандыру қызметін күштеп таңады.

Тұтынушы тұрғысынан, егер аквапарк немесе кинотеатр оны тауарды таңдау құқығынан шектесе немесе тауарды сатып алуға мәжбүрлесе, құқық бұзушылық орын алады. Егер мұндай жағдай болмаса, онда олардың әрекетіне шағым жасау үшін негіз жоқ.

– Қазіргі кезде «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы іске асырылып жатыр. Көпшілік көрсетілетін қызметтері жоғары нақты бағалау ұйымдарының бағалау жүргізуі туралы банктер талаптарымен ұшырасып отыр. Банктердің әрекеттері қаншалықты құқыққа сыйымды?

– Банктердің бұл әрекеттері, егер оларды нарықта үстем, монополиялық жағдайға ие банк жасаған болса, бәсекелестікке қарсы деп танылуы мүмкін, себебі оған тұтынушыға қарыз туралы келісімнің мәніне қатысы жоқ қосымша міндеттемелерді күштеп таңуға тыйым салынған.

Бірақ бұл жерде, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзушылық орын алып отыр деп пайымдаймыз, оған сәйкес банктерге қарыз алушыға, кепіл берушіге бағалаушыны таңдауда шек қоюға тыйым салынады.


 


2. ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ


– Соңғы жылдары тексерулер мен тексеруші органдардың санын барынша қысқартып, бизнесті жүргізу үшін жағдай жасадық. Улану немесе өмірге қауіпті өнімдерді өткізудің резонансты жағдайларын назарға ала отырып, бұл тұтынушылардың құқықтарына әсер етті ме?

– Өкінішке орай, тексерулер санын қысқарту тұтынушылардың қорғалу дәрежесіне әсер ете алмады. Жиі ретте, тұтынушылардың құқықтарын бұзушылық үшін жауапкершілік алынатын пайдамен салыстыруға келмейді, бұл жосықсыз кәсіпкерлерді. олардың құқықтарын саналы түрде және қасақана бұзуға итермелейді.

Айталық, Комитеттің өткен екі жылғы жұмысы үшін тұтынушылардан шағымдар саны 12 мыңнан 44 мыңға дейін өскен. Ең көбі бөлшек сауда қызметтері – 46 %, олар тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тарту, тауар туралы ақпарат бермеу, сапасыз тауар ұсыну және сатушылардың өзін дөрекі ұстауы.

Екінші орында ТКШ саласы – өтініштердің 38%-ы. Бұл бағалар мен тарифтердің өсуі және оларды есептеудің дұрыстығы мәселелері. Қалған өтініштер тұрмыстық қызметтерге, байланыс қызметтеріне, қоғамдық тамақтандыруға, қаржылық, медициналық, көлік, туристік қызметтерге, электрондық саудаға қатысты.

Қалыптасқан жағдай қоғамдық бақылаудың тиімді тетігін құруды, тұтынушылардың құқықтарын ұжымдық қорғау құралдарын жетілдіруді, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы істер бойынша азаматтық сот ісін жетілдіруді, дауларды сотқа дейінгі тәртіппен шешуді ынталандыруды қоса алғанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыру бойынша шаралар кешенін қабылдауды талап етеді.

Сондай-ақ оларды үйлестіру мен өзара іс-қимылын, мүмкін, тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы арқылы, жұмыс істеп тұрған қоғамдардың күш-жігерін біріктіріп және оларды тиісті қаржыландырумен қамтамасыз етіп, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын көптеген мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарды оңтайландыруды жүргізу қажет.

Бұл оларға мемлекеттік органдармен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мүддесін білдіретін бизнеспен қарым-қатынаста бір ортаға шоғырлануға мүмкіндік береді.

– Сапасыз тауарды сатқан, қосымша қызметтерді күштеп таңған жағдайда тұтынушы не істеуі керек?

– Біріншіден, тұтынушының дәрілік заттарды, іш киміді, жануарлар мен өсімдіктерді қоспағанда, ешқандай себепсіз және түсіндірусіз тұтынушыға он төрт күн мерзім ішінде тауарды қайтаруға құқығы бар.

Сапасыз тауарды тауардың жарамдылық мерзімі немесе оның кепілдік мерзімі ішінде сатқан жағдайда, тұтынушы тауарды қайтаруға және оның құнын қайтаруды, немесе ауыстыруды, тауардың кемшіліктерін жоюды, сатып алу құнын азайтуды талап етуге құқылы.

Сатып алушының талаптарын қанағаттандырудан бас тартылған жағдайда, ол оның құқықтарын бұзушылықтарды жою және сот, көлік шығыстарын, сараптама жасау шығындарын және т.б. қоса алғанда оған келтірілген шығындар мен залалды өтеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.

Егер тұтынушының құқықтары заңнамамен бекітілсе, оны орындау, мысалы банктік немесе денсаулық сақтау туралы мемлекеттік бақылаумен қамтамасыз етіледі, онда тұтынушы мемлекеттік органға шағыммен қосымша жүгінуге құқылы.


Нұрлы Еділов,

Алаш айнасы


 




Көрілген: 970    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.09.2018, 09:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 23:51
    Шомылу маусымы аяқталды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30