Төтенше жағдай

Шомылу маусымы аяқталды

  • Шомылу маусымы аяқталды

    Шомылу маусымы аяқталды

Міне, ең сүйікті және жаңға жайлы жылдың уақыты аяқталды. Үлкендер мен балалар қыстан кейін үлкен шыдамсыздықпен күтетін уақыт, ересектер отбасымен демалу үшін өз демалысын жоспарлайды. Бірақ, табиғат заңы – жылдың әр кезеңіне өз уақыты! Ауа температурасының төмендеуімен шомылу маусымы аяқталды.

ТЖ Департаментінің қызметкерлері көктемнен бастап, облыстың су айдындарында жазатайым оқиғаларды алдын алу бойынша тынымсыз және тұрақты үгіт-насихат жұмыстарды жүргізді. Шомылу маусымының алдында мүдделі мемлекеттік ұйымдармен бірлесіп тиісті іс-шаралар жоспары әзірленді. Шомылу маусымына дайындық кезінде облыстың оқу орындарында үлкен алдын алу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылдың сәуір айынан мамыр айына дейін Білім басқармасымен бірлесіп, 423 орта мектеп пен 20 колледжде 70437 оқушыны қамтумен суда қауіпсіздікті сақтау бойынша 443 сабақ өткізді.

Облыстың су айдындарында адамдардың қаза болуының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде су айдындарында жүріс-тұрыс қағидаларын сақтауға ерекше назар аударылды. Осылайша, шомылу кезеңінде полиция қызметкерлерімен бірлесіп, облыс су айдындарында 902 рейд және патрульдеу жүргізіліп, рейд барысында су айдындарында қауіпсіздік ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке 753 мың теңге көлемінде 75 жеке тұлға тартылып, сонымен қатар ҚР ӘҚБтК 364 бабы бойынша 104 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Облыстың су айдындарында суға шомылуға тыйым салатын және қауіптілік тудыратын туралы 101 ескерту, сондай-ақ 45 ақпараттық стендтер орнатылды.

Шомылу маусымында Департаменттің барлық бөлімшелері тұрақты негізінде бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс ұйымдастырды. Сондай-ақ, облыстық телеарналарында 66 және радио арқылы 30 сөз сөйлеу өткізіліп,баспа беттерінде 89 мақала жарияланды, дауыс зорайтқыш байланыс құралдары арқылы 1410 сұхбат өткізілді.

Бірақ, адамдар (балалар) өлімін болдырмау бойынша ТЖ департаментінің қызметкерлері жүргізіп жатқан ауқымды үгіт-алдын алу жұмыстарына қарамастан, ағымдағы жылдың басынан облыстың су айдындарында адам өлімінің 20 жағдай тіркеліп, онда 21 адам суға батып кетті, оның ішінде 11 бала. Бұл ретте адамдардың қаза болуының 90 пайызы суға шомылуға арналған тыйым салынған және жабдықталмаған орындарда, сондай-ақ балаларды ересектердің қараусыз қалдыруына байланысты су айдындарында да, жеке секторда да тіркелген.

Есте сақтаңыз! Егер Сіз судағы жазатайым оқиғаның куәгері болсаңыз, «112» немесе «101» құтқару қызметінің бірыңғай тегін нөмірін теріңіз. 




Көрілген: 539    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.09.2019, 23:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 23:51
    Шомылу маусымы аяқталды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30