Ел жаңалықтары

"14 жасында жабылып зорлап, жүкті қылған": Атышулы іске сот бес жылдан соң үкім шығарды

  • "14 жасында жабылып зорлап, жүкті қылған": Атышулы іске сот бес жылдан соң үкім шығарды

Талдықорғанда кәмелетке толмаған жасөспірімді топтық зорлау ісі бойынша сот ісі аяқталды. 14 жастағы мектеп оқушысын қорлағандар қылмысты жасағандарына 5 жыл өткен соң түрмеге қамалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бір жылдан астам уақыт бойы Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында 14 жастағы мектеп оқушысын топтық зорлау ісі бойынша сот тыңдаулары БАҚ-тың назарынан тыс өткен болатын. 

 
Оқиға 2016 жылы болған. Тек 2021 жылдың 22 қыркүйегінде судья Әділет Бақытов сотталушылар орындығында отырған 37, 30 және 28 жастағы үш ер адамды ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тапты. 

Нәтижесінде екі сотталушы 11 жылға, үшіншісі қатаң режимдегі колонияда 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, олар жәбірленушіге моральдық зиян келтіргендері үшін 9 млн теңге төлеуге міндетті. Үшеуі де тікелей сот залынан қамауға алынды.


Еске сала кетсек, 31 арнаның “Кел, татуласайық” бағдарламасында 14 жасында зорланып, 15 жасында бала туғанын айтқан қыздың оқиғасы көпшілікті дүр сілкіндірген. 

2001 жылы Алматы облысы Райымбек ауданында туған аруды 14 жасында үш жігіт жабылып зорлаған. Оларды соттаған, алайда түрмеге қамамаған. Ал жәбірленуші бойжеткен сол оқиғадан кейін жүкті болып, ұл туады. Қызғалдақ бағдарламаға баланың болжалды әкесімен кездесіп тұрғанын қалайтынын және одан алимент алғысы келетінін айтқан. 

Бағдарламада сәбидің әкесі эфир кезінде қоңырау шалып, қызының зорланғанына бойжеткеннің өзі кінәлі екенін айтқан. Себебі, ол ауыл ішінде көп жүре берген, ал зорлаушылардың саны үш адамнан әлдеқайда көп болғанын мәлімдеген.

Отандық бағдарлама эфирінде өзіне көмек сұраған Қызғалдақтың адвокаты Альбина Бақтиярқызы істің белгісіз себептермен жабылып қалғанын жеткізген. 

"Қызғалдақтың ісі менің қолыма жақында түсті. Әзірге, оқырманға бөлісуге болатын ақпараттарды ғана айта аламын. Іс өте ауыр болғандықтан, бізге әлі көп жұмыс істеу керек. 2015 жылдың желтоқсан айында кәмелеттік жасқа толмаған Қызғалдақ Талғатқызын Алматы облысы Райымбек ауданының Қаратоған ауылынан Жамбыл ауылына алып кетіп, үш жігіт зорлаған. Олар қызды қорқытып, еркінен тыс, күш көрсету арқылы арын таптайды.

Зорлық оқиғасынан кейін, 2016 жылдың 6 қазанында Қызғалдақ Нұрәли есімді ұл баланы өмірге әкеледі. Қызғалдақ анасынан ерте айырылған. Аталған қылмыстық оқиға кезінде кәмелеттік жасқа толмағандықтан, әкесі Талғат Бекболатов аудандық полиция бөлімшесіне арыз түсіреді. Біз осы іске қатысты сұрау салдырдық. Қылмыстық іс Райымбек ауданының Кеген ауылында тіркелген.

Бірақ іс орта жолдан тоқтап, тараптардың татуласуы себебінен жабылды делінген. Алайда, еркінен тыс жәбірлеген кезде медиактивтік келісімге келу заңда қарастырылмайды", – деген адвокат Альбина Бақтиярқызы.

Бүгінде Қызғалдақ Талғатқызы жалғыз ұлын өзі асырап отыр. Қызғалдақтың айтуынша, Дидар Үркембаев есімді өзін зорлаған жігіттердің бірі сараптама қорытындысы бойынша ұлдың әкесі деп танылған.

Қызғалдақтың айтуынша, туыстары естігенде "әулетімізді масқараладың, сен бізді қарабет қылдың, ондай қыз емес едің ғой" деген сынды ауыр сөздер айтқан. Бірақ олар сол кезде зорланғаны туралы ештеңе білмеген. Сондықтан жақындары ондай іске Қызғалдақ өз еркімен барған деп ойлаған. Сол кезде жанынан табылып қолдаған үйіндегі әкесі мен жақын бауырлары екенін айтады.

"Олар мені зорлап кеткенін білген жоқ, басында өз еркіммен болды деп ойлаған. Зорланғанымды тек әкеме ғана айттым. Үйімдегілер мені қолдады және түсінді. Басы артық әңгіме айтып маған қысым көрсеткен жоқ", - дейді ол.

"Шыны керек, аяғың ауыр деп айтқанда ішімді ұстап жыладым. Баламды алдырмаймын, соңына дейін барамын деп тұрып алдым.  Менде баламды алып тастаймын, тумаймын немесе бекер тудым екен деген ой болмаған. Қайта баламды аман-есен, сау күйінде туып алғаныма қуанамын. Мен аналар үйінде босанған соң сондағы дәрігерлер көп көмектесті", - деген Қызғалдақ эфирге шығып көмек сұрауға баламның тілегі түрткі болды дейді.  




Көрілген: 1745    Пікірлер: 0

сенбі, 25.09.2021, 18:21

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:44
    QAZFORUM-2021 БАСТАЛАДЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31