Ел жаңалықтары

19 маусымда Алакөлді ашу жоспарлануда

  • 19 маусымда Алакөлді ашу жоспарлануда

    19 маусымда Алакөлді ашу жоспарлануда

"ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Алмағамбетов Алакөл 19 маусымнан бастап ашылатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


"Әзірге, ел азаматтары Қазақстаннан тыс саяхаттай алмайды, сондықтан 1 маусымнан Достық станциясы бағытында екі пойыздың қозғалысы іске асырылады. Ал 10 маусымнан кейін қалған пойыздардың қозғалысын жандандырамыз. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен уағдаластық бойынша 19 маусымнан Алакөлді ашу жоспарланып отыр. Біз осы жолаушылар пойыздарын іске қосуды жоспарладық", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде.

Тарифтер көтерілмейді және билеттер бұрынғы бағамен сатылады.

"Тарифтер көтерілмейді. Біз динамикалық баға қалыптастыру жүйесін алып тастадық. Өздеріңіз білесіздер, бұрындары жолаушы 45 күн бұрын билет сатып алса, онда басқа баға болатын. Ал пойыз жүруге екі күн қалған кезде алғанда билеттің құны өзгеретін. Әлеуметтік маңызды бағдарлардағы динамикалық баға қалыптастыруды тоқтаттық", - деді Қанат Алмағамбетов.




Көрілген: 485    Пікірлер: 0

жұма, 29.05.2020, 20:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31