Ел жаңалықтары

25 жастағы маңғыстаулық келіншек бірден көпбалалы ана атанды

  • 25 жастағы маңғыстаулық келіншек бірден көпбалалы ана атанды

    25 жастағы маңғыстаулық келіншек бірден көпбалалы ана атанды

Маңғыстау облысында отыз жылда алғаш рет төртем дүниеге келді.

Ақтаудағы ана мен бала орталығының ұжымы көпбалалы ананы салтанатты түрде шығарды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникациялар орталығының баспасөз қызметі. 

2020 жылы 15 желтоқсан күні Ақтау қаласының тұрғыны Самира Гасанова бірден төрт баланың анасы атанды. Жүктілік кезеңі ауыр болған. Дәрігерлер жүктіліктің 30-шы аптасында операция жасауға шешім қабылдады. Жас ана 1 ұл мен 3 қыз дүниеге келді. Осылайша, 25 жастағы келіншек бірден көпбалалы ана атанды. Сәбилер - отбасының тұңғыштары. 

"Қуанышымды жасыра алмай тұрмын. Біздің ата-анамыз да бақытты. Біз үшін қатты қуанып жатыр. Балаларымның аман-есен жарық дүниеге келуіне себепші болған дәрігерлерге отбасымның атынан алғыс айтамын", - дейді Самира Гасанова. 

Төртемнің біреуі 1 келі 390 грамм болса, ең кішісінің салмағы - 1 келі 190 грамм. Шақалақтар күш жинағанша 36 күн бойы дәрігерлерінің жіті бақылауында болды. Ата-анасы нәрестелерді Расул, Фанара, Айла және Нарин деп атады.

"Өткен жылы біздің орталықта 8 610 бала жарық дүние есігін ашты. Оның ішінде 2 үшем мен 147 егіз бала дүниеге келген", - дейді перинаталдық орталығының дәрігер неанотологы Тойдық Жұмағамбетова. 

Айта кетейік, Маңғыстау облысы бала туу көрсеткіші жағынан республика бойынша соңғы 3 жыл бойы көш бастап келеді. Былтыр осы аймақта 21753 сәби дүниеге келген.

sn.kz




Көрілген: 516    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.01.2021, 11:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28