Ел жаңалықтары

4 мамырға арналған ауа-райы болжамы

  • https://alashainasy.kz/

    https://alashainasy.kz/

Қазгидромет 4 мамырға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

"Ертең Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон ықпалы сақталатындықтан, ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Тек, солтүстік-шығыс пен батыста атмосфералық фронтальды ауа қысымы жүріп жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнайды", – делінген хабарламада.

 

Республиканың кей өңірлерінде желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстікте – шаңды дауыл соғып, түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі.

 

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріліп, желдің күшеюі 15-20 м/с, ал күндіз екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.

 

Түнде Павлодарда, күндіз Ақмола, Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды ​​облысының кей жерлерінде 15-20 м/с желді күшеюі күтіледі.

 

Сондай-ақ Түркістан облысында шаңды дауыл соғып, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде – найзағай ойнайды. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі.

 

Жамбыл облысында 15-20 м/с жел күшейіп, күндіз 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

 

Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 3 градусқа дейін аяз күтіледі.

 

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 27-29 градус жылы болады.

 

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен соққан жел 7-1 м/с-қа дейін жетіп, шығысқа қарай ығысады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 20-22 градусқа дейін көтеріледі.

 

 

 

 




Көрілген: 544    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.05.2021, 22:04

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Мамыр, 19:58
    39 С ° ыстық болады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31