Ел жаңалықтары

700-ге тарта адам Nur Otan праймеризіне қатысудан бас тартты

  • 700-ге тарта адам Nur Otan праймеризіне қатысудан бас тартты

    700-ге тарта адам Nur Otan праймеризіне қатысудан бас тартты

АЛМАТЫ, 29 қыркүйек &ndash Sputnik. Nur Otan праймеризіне қатысып жатқан 734 кандидат тіркеуден шығарылды, оның ішінде 668 адам өз еркімен шықты. Бұл туралы партия хатшысы Әлібек Әлденей мәлімдеді.

Оның айтуынша, праймериз өткізу ережелері мен партияның басқа да ішкі нормаларына қайшы келетін әрекет үшін қатаң шара қолданылып, келеңсіздікке жол берген үміткерлер партияішілік іріктеуден шығарылып жатыр.

"29 қыркүйекке дейін 734 үміткер тіркеуден шығарылды. Оның ішінде 668 адам өз еркімен шықты. Аймақтық ұйымдастыру комитеттерінің шешімімен 64 үміткердің өтініші күшін жойды. Олардың 27-сі дебатқа қатысудан бас тартқан. Төртеуі партия жарғысы мен әділ саяси бәсекенің талаптарына қайшы келетін әрекеттері үшін шығарылса, тағы 33 кандидат бойынша бастауыш партия ұйымдары өтініштерін кері қайтарып алды", &ndash деп жазды ол Facebook парақшасында.

Қазіргі уақытта 11 249 адам өтініш берді, оның ішінде 10 235 кандидат тіркелді.

Әлденей барлық арыз-шағымға және заң бұзушылықтарға мониторинг жасап, оларға жедел түрде тиісті шара қолданылып жатқанын айтты.

Nur Otan хатшысы қандай да бір тәртіп бұзу фактісіне куә болған жағдайда "Nur Otan" партиялық бақылау органдарына хабарлауды сұрады. Сондай-ақ, 8 (800) 080 4441 телефонына хабарласып (хабарласу тегін) немесе komek@nurotan.kz электронды поштасына хат жолдауға болады.

Nur Otan праймеризі
1 қазаннан (00.00) және 3 қазанға (14.00) дейін мобильді қосымша және арнайы веб-портал арқылы электронды түрде дауыс беруді өткізу жоспарланып отыр.

Дауыс берудің соңғы күні (3 қазан) бастауыш партия ұйымдарының базасында сайлау учаскелері ашылды. Интернет жоқ елді мекендерде қағаз бюллетеньдер бойынша дауыс бере алады.

Праймериз қорытындысы 5 қазанда жарияланады.

Nur Otan праймеризі партия көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша еліміздің партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет жалпыреспубликалық партияішілік сайлау ауқымында өтеді.




Көрілген: 292    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.09.2020, 21:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31