Ел жаңалықтары

Coronavirus2020.kz сайты іске қосылды

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

 

Қазір азаматтарды коронавирусқа қатысты жедел әрі сенімді мәліметтермен ақпараттандыру ең маңызды мәселе. Кей уақытта қоғамды ақпараттандыру мен қарым-қатынастың жеткілікті дәрежеде тиімді болмай жатқанын мойындау керек. Түрлі ақпарат құралдары, әсіресе мессенджерлер арқылы жалған ақпараттың таралуы көптеген қиындықтар туындатуда. Осы орайда, www.coronavirus2020.kz сайтының іске қосылғанын хабарлаймын, – деп жазды министр.

 

Бұл ресурста төтенше жағдай бойынша, карантин кезіндегі тәртіп пен мемлекеттің коронавирусқа қарсы жасап жатқан шаралары жөнінде, сондай-ақ, желіде тараған жалған мәліметтерді теріске шығару және т.б. барлық өзекті ақпараттар жинақталатын болады.

 

Оған қоса, сайтта аурудың алдын алу, белгілері, аурудың алғашқы белгілері байқалғанда жасау керек әрекеттердің ережелері жарияланған және бұл мәліметтер азаматтар пайдаланып, тарату үшін инфографика, нұсқаулықтар түрінде берілген. Азаматтар үшін сайтта арнайы сұрақ-жауап айдары болады, ол жерде әрбір пайдаланушы өзіне қажетті сауалына жауап ала алады. Сіздерден осы мәліметті таратуды және сенімді ақпарат көздеріне ғана жүгінуді сұраймын, – деді Дәурен Абаев. 

 

BAQ.KZ




Көрілген: 396    Пікірлер: 0

жұма, 20.03.2020, 10:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30