Ел жаңалықтары

Covid-19: Қазақстан екі апта бойы «жасыл аймақта» тұр

  • Covid-19: Қазақстан екі апта бойы «жасыл аймақта» тұр

    Covid-19: Қазақстан екі апта бойы «жасыл аймақта» тұр

 24 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясов Қазақстандағы коронавирустық ахуал жайлы айтты. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы ДСМ-не сілтеме жасап хабарлайды. 

«Қазақстан екі апта бойы «жасыл аймақта» тұр. Бүгінде ешбір өңір «қызыл аймақта» қалған жоқ. Сары аймақта 5 өңір - Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Қалған 11 өңір  жасыл аймақта», - деді Е.Қиясов.

Қазақстанда  198 086 науқастан Covid-19 анықталған және 48 388 коронавирус инфекциясы жағдайы тіркелді. КВИ+ диагнозымен 179 277 науқас және КВИ жұқтырған  37 998 пациент сауығып кетті. Соңғы екі аптада КВИ сырқаттанушылық деңгейі 1,2 есеге төмендеді (8053-тен 6458  дейін).

Коронавирус инфекциясына қарсы екі кезеңді вакцинация жалғасуда және жоспар бойынша жүргізілуде. Е.Қиясовтың айтуынша, 20 157 адам «Спутник -V» вакцинасының алғашқы дозасын қабылдады. 22 ақпаннан бастап екінші кезеңде 2 137 адам егу салдырды. Алайда жағымсыз реакция тіркелген жоқ.

Биыл 25 ақпан мен 4 наурыз аралығында Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген 90 мың доза вакцина  өңірлерге жеткізіледі. Сонымен медицина қызметкерлерін вакцинациялау аяқталады да, педагогтарға екпе салу науқаны басталады.

Айта кетейік, вакцинация еліміздің барлық өңірінде жүргізіледі. 786 егу пунктінің 170-і жұмылдырылды. Олардың барлығы қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. 9 мыңнан астам медицина қызметкері вакцинациядан өтті.

«Вакцинациядан қорғаныс әсері, яғни коронавирусқа қарсы антиде алғашқы дозадан кейін 12-14 күнде байқалады. Толық иммунитетті қамтамасыз ету үшін 21 күндік аралықпен екі компоненттен тұратын вакцинация курсын алу қажет. Дененің толық иммундық реакциясы вакцинация басталғаннан кейін кесте бойынша 1,5 айдан соң пайда болады, сондықтан вакцинацияланғандар алдын алу шараларын сақтау керек», - деді Е.Қиясов.

Сонымен қатар, Бас санитарлық дәрігер елімізде 65 жастан асқандарды вакцинациялауға рұқсат етілгенін айтты. Ал созылмалы ауру, аллергиялық реакция және басқа да қарсы көрсеткіштер болса, вакцина салынбайды.




Көрілген: 293    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.02.2021, 00:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30