Ел жаңалықтары

IV Халықаралық Агротехнологиялық Саммит: «Агроөнеркәсіптік кешенін ғылыми жетістіктер мен сандық технологиялар негізінде дамыту»

  • IV Халықаралық Агротехнологиялық Саммит: «Агроөнеркәсіптік кешенін ғылыми жетістіктер мен сандық технологиялар негізінде дамыту»

    IV Халықаралық Агротехнологиялық Саммит: «Агроөнеркәсіптік кешенін ғылыми жетістіктер мен сандық технологиялар негізінде дамыту»

Қазақ ұлттық аграрлық универсиеті 2019 жылдың 6 желтоқсан күні «Агроөнеркәсіптік кешенін ғылыми жетістіктер мен сандық технологиялар негізінде дамыту» тақырыбында IV Халықаралық Агротехнологиялық Саммит өткізді.


Аграрлық білім, ғылым және өндіріс интеграциясын нығайтуға бағытталған тиімді пікір алмасу алаңына айналған дәстүрлі Саммит жұмысына 30-дан астам мемлекеттің ауылшаруашылық салаларының ғалымдары, білікті эксперт-мамандары арнайы қатысты. Атап айтқанда: БҰҰ мен G-Global эксперттері, Азия даму банкі өкілдері, Австрия, Бельгия, Болгария, Венгрия, Шығыс Финляндия, Германия, Израиль, Италия, Қытай, Нидерланды Корольдігі, Малайзия, Польша, Румыния, Сербия, Словакия, АҚШ, Түркия, Оман, Біріккен Араб Әмірліктері, Франция, Швейцария, Япония, Оңтүстік Корея, Ауғанстан, ТМД мемлекеттерінен білікті ғалымдар келіп, тәжірибе алмасты.

Елімізден Қазақстан Республикасы Парламенті мен Сенатының депутаттары, министрлердің орынбасарлары, орталық және жергілікті мемлекеттік атқару органдарының басшылары мен өкілдері, Қазақстандағы шетелдік Елшіліктердің Бас консулдары, салалық ассоциациялар, даму институттары, жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары, ірі агроқұрылымдар мен аграрлық саладағы ұйымдардың өкілдері келді.

Саммиттың Пленарлық отырысын Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА Вице-президенті, академик Есполов Тілектес Исабайұлы ашып, оқу орнының әлемдік деңгейдегі университетке трансформациялану стратегиясын баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісіп, маңызды жиынның модераторы ретінде аграрлық саладағы өзекті мәселелерді ортаға салды.



Тілектес ЕСПОЛОВ, ҚазҰАУ ректоры, ҰҒА Вице-президенті, академик:

– Бүгінгі күні Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешнінің алдында өндіріс көлемін арттыру, бәсекеге қабілетті, экспортқа бейімделген ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және осы саладағы еңбек өнімділігін 2022 жылға қарай 2,5 есе арттыру міндеті тұр.

Халықаралық Саммит жұмысында осы мақсаттарды тиімді шешу жолдары талқыланды.

Мемлекет агроөнеркәсіптік кешенін жаңа бағытта дамытып, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде жаңа талаптар қойып отыр. Ол үшін келесі мәселелерді шешуіміз керек. Атап айтқанда:

Жер, су, еңбек ресурстарын тиімсіз пайдалану: бүгінгі таңда республикада жердің 75% тозуға ұшырады. Топырақтанушы ғалымдардың есептері бойынша жердің тозуына байланысты жалпы экономикалық шығындар 7 миллиард доллардың көлемін құрайды.

Соңғы 15 жылдың ішінде топырақ құнарлылығы 17% төмендеді.

Суармалы жерлердің аумағы 2,5 миллион гектардан 1,1 миллион гектарға дейін қысқарды. Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігі 600 мың гектар суармалы жерді айналымға енгізіп, болашақта оның көлемін 3,0 миллион гектарға дейін кеңейтуге шешім қабылдады.

Ауылшаруашылығында ұсақ шаруашылықтардың басымдылығы: республикада 200 мыңнан астам ауыл шаруашылық құрылымдары жұмыс жасайды. Олардың 187,9 мыңы немесе 94%-ы шаруа (фермер) қожалықтары. Сонымен қатар, 1,6 миллионнан астам үй шаруашылықтары ауылшаруашылық өндірісімен айналысады. Олардың үлесі – өсімдік шаруашылығы өнімінде 32%, мал шаруашылығы өнімдерінің 68%.

Шаруа қожалықтарының 63%-ының ауылшаруашылық алқаптары 50 гектардан аспайды.

Ал, 80%-ында 50 гектар ғана егістік жерлері бар. Сондықтан ынтымақтастық негізінде ірі тауарлы фермаларды құру қажет.

Халықты ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету үшін елдің импортқа тәуелділігі: Қазақстан отандық өнімдердің кейбір түрлерімен халықты 60%-ға қамтамасыз етеді. Шет мемлекеттерден жемістердің 70%, құс етінің 57%, шұжықтардың 44%, сүт өнімдерінің 40-50%, атап айтқанда қоюландырылған тәтті сүттің 80%, жемістер мен көкөністер 85-95% импортталады.

Ет өңдейтін кәсіпорындардың қуаттылығы бүгінгі күні 35,2%, сүт зауыттары өңделген өнімнің түріне байланысты 37% -дан 56% -ға дейін, май өнімдері 22,8% -дан 56% -ға дейін.

Қазақстанның тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2018 жылы ел халқына жолдауында алдағы үш жыл ішінде өңдеу өнеркәсібіне және шикізаттық емес экспортты қолдауға қосымша 500 миллиард теңге бөлуді тапсырған.

Ауыл шаруашылығын техникамен қамтамасыз етудің деңгейінің төмендігі: қолдағы ауыл шаруашылығы техникасының 70% -ының қызмет ету мерзімі 10 жылдан асты. Көліктер паркін жаңарту қарқыны да өте төмен.

Ауылшаруашылық техникасының 97% шетелдерде жоғары бағамен сатып алынады.

Республикада ауылшаруашылық техникаларын өндірудің толық циклі бар зауыттар жоқ. Шын мәнінде, ауылшаруашылық өндірісі шетелдік техниканың импортына толықтай тәуелді.

Техникалық жабдықты жақсарту үшін лизингтің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау және қаржы институттарын қаржыландыру шаралары ұсынылуда.

2022 жылға қарай ауылшаруашылық техникалар паркін жаңарудың деңгейін - 6% жеткізу жоспарлануда.

Төмен инвестициялық тартымдылық: Инвестициялардың жалпы көлемінде оның үлесі 2,3%-дан аспайды. Сонымен, соңғы 5 жыл ішінде Қазақстанда негізгі капиталға 5,5 млрд. доллардан астам инвестиция құйылды. АҚШ, оның ішінде шетелдік серіктестер салған инвестиция көлемі 40 миллион долларды құрайды.

Мемлекеттік қолдау деңгейі жеткіліксіз:

Ол Қазақстанда 5%-дан аспайды, ал Беларуссияда - 17%, Ресейде - ІЖӨ-нің 7%. Сонымен бірге, Қазақстанда өндірілген өнімнің құны Еуропамен салыстырғанда 3 есе жоғары.

Өндірісте жоғары білікті мамандардың жетіспеушілігі: іс жүзінде еліміздің агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің 80%-ы мамандарға мұқтаж.

Сондықтан Саммит жұмысы агроөнеркәсіп кешенінің алдында тұрған ауқымды мәселелерді шешуге бағытталған.


Пленарлық отырыста «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Басқарма Төрағасы Рахымбеков Төлеутай Сатайұлы Қазақ ұлттық аграрлық университеті өткізетін дәстүрлі Халықаралық Агротехнологиялық Саммиттің жыл сайын беделі артып келе жатқанын ерекше атап өтті.

Төлеутай Сатайұлы өз сөзінде бүгінгі күні ауылшаруашылығы бойынша Қазақстанда іске асырылып отырған мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі мен аграрлық жоғары оқу орындарының отандық агроөнеркәсіптік кешенін дамытудағы маңызды роліне тоқталды.

Сонымен қатар, АҚШ-тың Огайо штаты Университетінің профессорлары Ренукардия Гурапура, Рафик Ислам, Италиялық Euro Chorus Consulting компаниясының директоры Доменико Монако, Тұрақты бейбітшілік пен даму Халықаралық қорының Вице-президенті, ресейлік экономист Михаил Зернов, Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры Джованни Капаннелли сынды шет елдің білікті эксперттері агарлық білім, ғылым, өндіріс интеграциясын дамытудағы озық тәжірибелерімен бөлісіп, ортақ мақсаттар жолында бірлесіп жұмыс атқарудың тиімділігін атап өтті.

Америкалық Броватек компаниясының директоры, кезінде АҚШ Президенттері Буш пен Обама тұсында Ақ Үйдің Коммерциаландыру Кеңсесіне жетекшілік еткен білікті экономист, доктор Томас Селуччи үлкен LED-экран арқылы онлайн-байланысқа шығып, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің бүгінгі күні іске асырып отырған инновациялық бағыттағы бастамаларына қолдау білдіріп, Саммит жұмысына табыс тілеп, кезкелген ортақ ғылыми жобаларға атсалысуға дайын екенін жеткізді.

Пленарлық отырыстан кейінгі Саммит жұмысы панельді сессиялар мен дөңгелек үстелдерде жалғасып, онда отандық агроөнеркәсіптік кешенін әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, ғылыми жетістіктер мен сандық технологиялар негізінде дамыту мәселелері талқыланды.

Атап айтсақ: жаңа инновациялық технологияларды енгізу, жер, су, еңбек ресурстарын басқару, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халал өнімдерін өндіру, жайылым жерлердің өнімділігін арттыру, ауылшаруашылық салаларын цифрландыру, диверсификациялау, ет және сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамыту, агробизнеске мемлкекеттік қолдау көрсету мақсатында жаңа қаржылық құралдарды енгізу, жылыжай шаруашылығы, ауылшаруашылығын кооперациялау және экспорт әлеуетін арттыру мәселелері т.б.

Саммит барысында еліміздегі «Жастар жылы» аясында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының, Ресей Федерациясының Жоғары білім беру және ғылым министрлігінің және Ресей Ғылым Академиясының Жас ғалымдар кеңесінің қолдауымен «Жас ғалымдар диалогі» атты аграрлық саладағы жас ғалымдардың Халықаралық форумы өтті. Онда алыс, жақын шет мемлекеттердің жас ғалымдары қатысып, инновациялық идеяларымен бөлісті. Форумның модераторы, ҚазҰАУ Жас ғалымдар Кеңесінің Төрағасы Бекзат Төрегелдиев – жас ғалымдардың басқосуының Халықаралық Агрогтехнологиялық Саммит аясында өтуі ғылымдағы кейінгі буынның үлкен тәжірибе алуына септігін тигізгенін атап өтті.



Форум бағдарламасында ауыл шаруашылығын цифрландыру, агроиженерия, АӨК ресурстарын басқару, өсімдік және мал шаруашылығы, ветеринарлық медицина, азық-түлік және тағам қауіпсіздігі, экономика, аквамәдениет ж.т.б сұрақтар бойынша жас ғалымдардың баяндамалары тыңдалды. Форумның мақсаты ғылыми зерттеулер мен жобаларға жастарды тарту, ғылыми қауымдастықтағы ғылыми-техникалық байланыстарды жандандыру, инновациялық зерттеулерді талдау, аграрлық ғылымда жаңа есімдер мен жаңа ғылыми топтарды қалыптастыру.

Халықаралық Саммит жұмысын ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы және университет базасындағы Агротехнологиялық Хаб бірлесіп ұйымдастырды.

Биылғы Саммит жұмысы Қазақстан ауыл шаруашылық саласындағы мақсат-міндеттері әлемдік қауымдастықпен ортақ екендігін тағы бір айқындады және қатысушылар деңгейі жағынан жоғары болды. Ұйымдастырушылар дәстүрлі Саммит кеңістігінің әлі кеңейе түсетіндігіне және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосқысы келетін жаңа мүшелермен толыға түсетініне сенім білдірді.

Саммит қорытындысы бойынша ұйымдастырушы және қатысушы тараптар агроөнеркәсіп кешеніндегі маңызды мәселелер мен оларды шешу жолдары ұсынылған арнайы Қарар қабылдады.




ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,

Фото: Мамыржан БОТАБЕКОВ


 




Көрілген: 251    Пікірлер: 0

жұма, 06.12.2019, 21:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31