Ел жаңалықтары

Әбдірахымов: Шымкентте қыздарды алып қашпайды

  • Әбдірахымов: Шымкентте қыздарды алып қашпайды

    Әбдірахымов: Шымкентте қыздарды алып қашпайды

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қалада қыздарды алып қашпайтынын айтты. Ол бұл тақырыптағы әңгімелерді ертегі деп атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Бүгін өткен үкімет отырысынан кейін Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласын 2023 жылға дейін дамыту жоспары туралы айтып берді. Сондай-ақ, туристерді қалаға тарту үшін қандай шаралар қабылданатынын айтты. Әкімнің сөзінше, қаланы кешенді дамыту жоспарын жүзеге асыру үшін 1 трлн, 284 млрд теңге керек.


Журналистер Әбдірахымовтан қыздардың Шымкентке келуі қаншалықты қауіпсіз екенін сұрап, өңірдегі қыз алып қашу салтын еске салды. Алайда әкім мұндай әңгімелерді ертегіге теңеді.


«Шымкентте қыздарды алып қашпайды. Қазір осы тақырыпқа қатысты болып жатқан жайттарға қарап, мұның бәрі Шымкент туралы ертегі деп ойлаймын. Алайда кейде маған қыздардың өзі өзін алып қашқанын қалайтындай болып көрінеді», - дейді қала басшысы.




Көрілген: 381    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.07.2019, 12:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31