Ел жаңалықтары

«Әділетсіз деп санаймын»: Нұржан Әлтаев депутаттарға жалақы негізсіз төленетінін айтты

  • «Әділетсіз деп санаймын»: Нұржан Әлтаев депутаттарға жалақы негізсіз төленетінін айтты

    «Әділетсіз деп санаймын»: Нұржан Әлтаев депутаттарға жалақы негізсіз төленетінін айтты

Мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев Қазақстанның қарапайым азаматтары мен парламентшілердің жалақысы арасындағы алшақтық туралы айтты, деп хабарлайды sputnik.kz.

"Депутаттар әртүрлі жалақы алады. Көптеген критерий, жұмыс өтілі ескеріледі. Менің жалақым барлық шегерімдерді алып тастағанда 500 мың теңге болды. Өңірлердегі азаматтардың табысы 60-80 мың теңгеден аспайтынын ескерсек, мұндай алшақтықты әділетсіз деп санаймын", - деп хабарлады ол.

Сондай-ақ, Нұржан Әлтаев парламент депутаттарына жалға берілетін пәтерден кетіп қалғанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 27 қарашада Нұржан Әлтаев El Tiregi өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағы негізінде өз партиясын құратынын мәлімдеді. Ол Қазақстанда саяси плюрализм жоқ екенін, тек Nur Otan партиясы бар екенін айтты.

30 қарашада Орталық сайлау комиссиясы өз қаулысымен Нұржан Әлтаевты депутаттық мандаттан айырды. Кейін депутатты партиялық тәртіпті бұзғаны үшін Nur Otan партиясынан шығарғаны белгілі болды.




Көрілген: 2999    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.12.2020, 23:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31