Ел жаңалықтары

Ақан Әбдуәлиев Мәдениет министрлігіне басшылық қызметке тағайындалды

  • Фото: gov.kz

    Фото: gov.kz

Ақан Әбдуәлиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

"Бүгін Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен Ақан Әбдуәлиев Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Ақтоты Райымқұлова ұжымға комитеттің жаңа басшысын таныстырып, алдағы қызметіне табыс тіледі", - делінген хабарламада.

 

Ақан Әбдуәлиев 1975 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Шиен ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Құрманғазы "халық әні" мамандығы бойынша, 2012 жылы - Алматы Экономика және статистика академиясын "экономист" мамандығы бойынша тәмамдаған.

 

Еңбек жолын Талдықорғанда Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының солисі ретінде бастаған. 2003-2004 жылдары "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымында әнші-аспапшы, 2005-2007 жылдары Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінде, 2007-2008 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында оқытушы болып жұмыс істеген.

 

2008-2015 жылдары - А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РММИ директорының орынбасары, директоры; 2009-2015 жылдары - Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының "дәстүрлі орындаушылық өнер" кафедрасының меңгерушісі; 2015-2016 жылдары - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры; 2016-2018 жылдары - Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы; 2018-2019 жылдары - Алматы облысы әкімінің орынбасары.

 

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып қызмет еткен.

 

 




Көрілген: 1324    Пікірлер: 0

жұма, 18.06.2021, 11:12

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31