Ел жаңалықтары

Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында құс тұмауының ошақтары тіркелді

  • Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында құс тұмауының ошақтары тіркелді

    Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында құс тұмауының ошақтары тіркелді

 Құс тұмауы күннен күнге өршіп барады. Қауіпті індеттің ошақтары СҚО-дан бөлек, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында да тіркелді. Ал Солтүстік Қазақстандағы жағдай тіпті күрделене түсті. 7 аудан мен бірнеше елді мекендерден құс өнімдерін экспорттауға тыйым салынып, шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР Солтүстік Қазақстан облысындағы эпизоотиялық жағдай туралы Орталық комуникациялық қызметінің брифингінде айтылды. Аталған өңірдің 30-ға тарта елді мекенінде үй құстары қырылып қалған. Тек қана Бескөл құс фабрикасында шығынға ұшыраған құс саны 41 мыңнан асып кеткен.

«Жоғары патогенді құс тұмауы жабайы қанаттылардан таралған. Олар үй құстары бағылатын көлдерге ұшып келеді. Зертханалық талдау нәтижесі алынғаннан кейін дертке қарсы 1,4 млн доза вакцина сатып алынды, ол 4,7 млн бас құсқа қойылады. Ертең тағы да 1 млн доза алу жоспарда бар. Ол 3,5 млн басқа жетеді. Уақытша шектеу шаралары енгізілгеннен кейін республикалық отряд іске кірісті. Оның құрамында жалпы саны 500-ге дейін маман жұмыс істейді», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева.

Қазақстанда 46,7 млн бас құс тіркелген, оның 14,7 млн-ы жеке адамдардікі. Жеке адамдардың меншігіндегі үй құстарының бәріне дертке қарсы екпе жасалмақ. Брифингте айтылғанындай, елімізде өндірілетін құс еті ішкі сұранысты 106 пайызға жабады. 500 млн дана жұмыртқа экспортқа шығарылады. Ірілі-ұсақты 35 фабрика бар. Мамандардың айтуынша, Қазақстан аумағында H5N8 формасындағы құс тұмауы тіркелген. Ол адам үшін қауіпті емес. Сондықтан өңделген құс өнімін тұтына беруге болады.

«Вирус адамнан адамға жұқпайды. Қазақстанда құс өнімдерін тұтынудан індетке шалдыққандар тіркелген жоқ. Құс фабрикаларында жұмыс істейтін 400 адам тексерілді. Жағдайлары қанағаттанарлық. Құс өнімдерін, ет сату қатаң бақылауға алынды. Кез келген тұтынушы сауда жасамас бұрын, тағамның қауіпсіздігі жайында құжаттарды талап ете алады», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев.

Індеттің кесірінен шығынға ұшырағандарға өтемақы төлеу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында жергілікті әкімдіктерде арнайы комиссия жұмыс істейді. Қаражат өлген құстың саны, салмағы, жас ерекшелігін есепке ала отырып, нарықтағы орта бағаға сай төленбек.

Azattyq Rýhy.




Көрілген: 249    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.09.2020, 18:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31