Ел жаңалықтары

Ақмола облысында өзен жағасынан гранаталар табылды

  • Ақмола облысында өзен жағасынан гранаталар табылды

    Ақмола облысында өзен жағасынан гранаталар табылды

Ақмола облысының Аршалы ауданы аумағында бірнеше граната табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы қазанның 9-да сағат 17:40-та Аршалы аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Нұр-Сұлтан қаласындағы Полиция департаменті Жедел басқару орталығынан хабар түскен. Онда 1974 жылғы ер адамның Аршалы ауданы Арнасай ауылы маңында балық аулап жүргенінде гранатаға ұқсас затты көргені айтылған. 

«Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің маңын тексеру кезінде Арнасай ауылынан 700 метр қашықтықтан атылған әскери емес 3 граната және 1 дыбыс немесе түтін шығаратын гранатаның сыртқы корпусы табылды. Табылған заттарды тексеріп, көруге Нұр-Сұлтан қаласындағы Полиция департаментінің кинологтары мен саперлері тартылды», - деді ведомстводан. 

Ведомстводан атап өткендей, осыған байланысты материалдар Аршалы аудандық полиция бөлімінің мәліметтерді тіркеу кітабына енгізілді.




Көрілген: 372    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.10.2021, 20:58

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 15:36
    БІЛЕКТІ БАУЫРЖАН

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31