Ел жаңалықтары

«Ақмола облысының бұрынғы бас дәрігері қамауға алынды» - БАҚ

  • «Ақмола облысының бұрынғы бас дәрігері қамауға алынды» - БАҚ

    «Ақмола облысының бұрынғы бас дәрігері қамауға алынды» - БАҚ

Ақмола Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Сүлен Ілиясов қамауға алынды. Шенеунікті 1 сәуірде екі ай мерзіміне қамауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Порталдың мәліметіне сүйенсек, Ақмола облысының бұрынғы бас дәрігері өзіне сеніп тапсырылған мүлікті қызмет бабын пайдалана отырып аса ірі мөлшерде жымқырған деген күдікке ілінді.

"Расталмаған мәлімет бойынша, Сүлен Ілиясов мемлекеттік ауруханаларда жетіспейтін жасанды тыныс алу аппараттарын жеке медициналық ұйымдарға берген. Сондай-ақ, бюджет есебінен салынған клиниканы коммерциялық құрылымға өткізді деген күдікке ілінді", - деп хабарлайды Kokshetau.asia.

Іспен ҚР Бас прокуратурасының жедел-тергеу тобы айналысады. Ілиясовты тұтқындау туралы құжатта ол бостандықта жүргенде объективті тергеуге кедергі келтіруі немесе жасырынуы мүмкін екені көрсетілген.

Айта кетейік, Ілиясов екі ай бұрын қызметінен кеткен. Ол бұл қызметке 2020 жылдың ақпанында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен тағайындалды.




Көрілген: 316    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.04.2021, 15:06

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31