Ел жаңалықтары

Ақтаулық альбинос қыздардың ғаламторда танымалдығы артып келеді

  • Ақтаулық альбинос қыздардың ғаламторда танымалдығы артып келеді

    Ақтаулық альбинос қыздардың ғаламторда танымалдығы артып келеді

Ақтаулық апалы-сіңлілі альбинос қыздардың ғаламторда танымалдығы күн санап артып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларға отандық сән үйлерінен бөлек, шетелден шақыртулар түсе бастады. Каспий жағасындағы қалада тұратын Қалағановтар жанұясы түр-түсі өзгеше балаларды өсіріп отыр. Бауырынан 13 жас үлкен Әсел бүгінде жарнамалық роликтерге түсіп, табыс тауып жүр.  

Әсел Қалағанова биыл 15 жасқа толды. Түр-түсі ерекше жеткіншек жастайынан сән үлгілерін көрсетуді армандап келіпті. Былтыр телеарнадан апалы-сіңлілі альбинос қыздар жайлы сюжет жарық көрген соң сән үйлерінен шақыртулар түсе бастапты.

Таяуда Әсел американдық тауар жарнамаланған бейнероликте бой көрсетті. Ақтаулық ерекше қыздарға басқа елдерде тұратын альбинос балалар да ғаламтор арқылы хабарласып, ақыл-кеңесімен бөліседі.

«Ресей, Беларусь, Өзбекстан секілді ТМД елдерінде тұратын альбинос балалар жиі хабарласып тұрады. Түр-түсінің өзгеден ерекше болып келуінен көп жағдайда олар тым ұялшақ болып келеді. Өз кезегімде мен осы ерекшелікті өз пайдасына жаратуға кеңес беремін. Мәселен, өз арманыма қолым жетіп, қазір түрлі затты ғаламторда жарнамалап жүрмін. Осы үшін жақсы табыс та табамын», - дейді модель Әсел Қалағанова.
Оқи отырыңыз: «Ерекше келбеті үшін қызымды балабақшаға алғылары келмеді» - альбинос қыздың анасы

Альбинос жеткіншектің мұратына жетуіне жол ашқан қала тұрғынының есімі &ndash Айжан Сейсеналиева. Бойжеткен модель агенттігін басқарады. Жыл басында апалы-сіңлілі қыздармен келісімшартқа отырған. Олардың фотосуретін әлеуметтік желілерде жариялап, іскерлік ұсыныстар қабылдай бастапты. «Шетелге шығып, жұмыс жасауымызға қазіргі қазіргі індет кедергі болып тұр» дейді ол.

«Әсел қазақстандық әншінің бейнеклипіне түсіп үлгерді. Сондай-ақ Флоренция есімді грек әншісінің клипіне де түсті. Көптеген ресейлік скаут-агенттіктер де қызығушылық танытып отыр. Біз олардың іскерлік ұсыныстарын қарап жатырмыз», - деді модель агенттігінің директоры Айжан Сисеналиева.
Менеджердің айтуынша, эпиджағдай тұрақталып, шекаралар ашылған жағдайда Қалағановтардың қос қызы жаһандық жобаларға қатыса бастайды. Демек, ақтаулық альбинос жеткіншектер көпке танымал дизайнерлердің қолынан шыққан сән үлгілерін киіп, сахнаға шығар уақыты әлі алда.




Көрілген: 661    Пікірлер: 0

сенбі, 17.10.2020, 17:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31