Ел жаңалықтары

Ақтөбеде ата-аналар лагерь тәлімгері "ұл балаларға азғындық әрекет жасады" деп шу шығарды

  • Ақтөбеде ата-аналар лагерь тәлімгері

    Ақтөбеде ата-аналар лагерь тәлімгері "ұл балаларға азғындық әрекет жасады" деп шу шығарды



Ақтөбеде жазғы лагерден шу шықты. Жеті бірдей ата-ана тәлімгердің үстінен шағымданған. Қазір істі полицейлер тергеп жатыр. Жап-жас жігіт "ер балаларға азғындық әрекет жасады" деген ақпарат қаншалықты шындыққа жанасады?


Ақтөбеде ата-аналар лагерь тәлімгері


Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 


Облыстық білім басқармасындағылар болған жайтты әлеуметтік желілерден естіп білгеннен кейін барып қана қимылдауға кіріскен. Дереу комиссия құрып, лагердің жұмысын тексеріпті. Олардың айтуынша, осы жағдайдан кейін дереу 7 баланың ата-анасы балаларын алып кеткен. Кейін төртеуі ішкі істер органдарына шағымданған.


Білім басқармасындағылар демалыс орнында балалардың қандай теперіш көргенін ашып айтпады. Тек, ол жағдай дәлелденбеген деумен болды. Шағымданған 10 мен 12 жас аралығындағы ер балалардың ата-аналары екен. 


"Бізге ешкім хабарлаған жоқ. Әлеуметтік желіге шыққаннан кейін. Инстаграм парақшасында «ПГА Алима» деген әлеуметтік желісінен көрдік. Сонда балаларға қысым көрсетілген деген. Бірақ бізде өзімізде жыл сайын мониторинг жүргізіледі. Жеке лагерлер ғой", - дейді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Райхан Нұрғожаева.


Жаға ұстатарлық жағдай болды деген лагерьді іздеп табу қиын болмады. Алайда күзетші бізді қақпадан әрі кіргізбеді. Тіпті, жеке аумақтан тысқары жерде түсірілім жасап жүргенімізге қарамастан, полиция шақырып, түсіру тобының үстінен шағымданды.


Алайда тәртіп сақшылары лагерьдің қызметкерлеріне тілшілер тарапынан тәртіпбұзушылық болмағанын түсіндірді. Лагерь басшылығы да тәлімгердің үстінен полицейлерге шағымданатындай не жайт болғанын ашып айтпады. Мекеме аумағындағы 50 камераға ешбір оғаш кадрлар түспеді деп отыр. 


"Мен сіздерге тағы да айтам, ондай әрекет болуы мүмкін емес, Себебі, камера бар, камерадан қарадық. Және де ол іс дәлелденген жоқ. Мына вожатыйды жұмыстан босаттық қазіргі таңда. Себебі балалармен қатаң түрде жұмыс жасаған. Қатаң болғанда, дискотекаға жібермей қалған. Сол себепті балалар осыған да шағымдануы мүмкін", - деді лагерь басшысы Айболат Тәшкенбаев. 


«Жас жігітке қатысты мақтаудан басқа ештеңе айта алмаймын. Ол өз ісінің нағыз маманы. Әрі Нұрсұлтан қаласындағы «Шабыт» академиясында кино және театр актері мамандығында оқып жатыр, әрі менің білуімше телеарнада жұмыс істеген. Балалармен тез тілтабысқыш, басшылықпен ешқашан сөзге келген емес. Ал не болғанын, істің ақ-қарасын құзырлы органдар анықтайды деп сенем», - деді аға тәлімгер Уалихан Кенжебаев.


Жасы 20-дан асқан тәлімгер жігіттің балаларға тиісті дегені азғындық әрекет пе, әлде күш көрсеткені ма, ол жайлы полицейлер де ләм-мим демей отыр. Өйткені өзге ақпарат жариялауға жатпайдыдейді. 


«Қала маңында орналасқан лагерлердің бірінде жас тәрбиелеуші балаларға тиіскендігі туралы хабарлама келіп түсті. Осы дерек бойынша соталды тергеу амалдары басталды, болған оқиғаның мән-жайы анықталуда. Өзге ақпарат жариялауға жатпайды», - деді полицияда.


Оқиғадан кейін лагерь жұмысын тоқтатпаған. Демалыс орны облыс аумағындағы 11 жеке лагердің бірі. Маусым сайын 200 баланы қабылдайды.


 



 

 




Көрілген: 486    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.07.2019, 20:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31