Ел жаңалықтары

Алматы әкімі атышулы істі бақылауға алды

  • Алматы әкімі атышулы істі бақылауға алды

    Алматы әкімі атышулы істі бақылауға алды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғынын өлтіру дерегіне қатысты бақылауға алды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы әкімнің Facebook-тегі жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматылық Ажар Әбдірешева әлеуметтік желі арқылы Сағынтаевқа үндеу жасап, жұбайы Кенже Байниязовтың қазасына қатысты істі бақылауға алуын өтінген. Оның айтуынша, күйеуін бір апта бұрын әкімдік қызметкері өлтірген.    

Осы орайда, қала әкімі оның өтінішіне құлақасты. Мәселен ол: "Алматылық Ажар Әбдірешеваның өтінішімен оның жұбайын өлтіру дерегі бойынша істі жеке бақылауыма алдым. Күдікті қамауға алынды. Қалалық Полиция департаментінің басшысы Қ. Таймерденовке тергеудің жан-жақтылығы мен объективтілігін қамтамасыз етуді тапсырдым. Марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтамын", - деп желідегі парақшасында жазды.

Күйеуінен қапыда айрылып қалған әйелдің айтуынша, қылмыс 22 ақпанда өз үйінің ауласында болған. Әйел күйеуін Алматы әкімдігі бас есепшісінің жеке жүргізушісі өлтірді деп есептеп отыр.




Көрілген: 250    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.03.2021, 16:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 00:29
    Алматыда сел жүрді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30