Ел жаңалықтары

Алматы: коронавирус жұқтырғандардың көпшілігі Ресейден келген

  • Алматы: коронавирус жұқтырғандардың көпшілігі Ресейден келген

    Алматы: коронавирус жұқтырғандардың көпшілігі Ресейден келген

Қазіргі уақытта Алматыда коронавирус індетін жұқтырған 10 оқиға анықталып, расталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz, қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгінгі күнге дейін 58 жағдай тіркелсе, оның екеуі емделіп шықты. Қазіргі уақытта қаладағы жұқпалы аурулар стационарында 56 науқас бар, соның екеуі бала.

"Жаңадан анықталған 10 науқастың бесеуі 27 наурызда Санкт-Петербор – Алматы рейсімен, біреуі 26 наурызда Стамбул – Алматы, ал қалған екеуі Мәскеу – Алматы рейсімен ұшып келген. Тағы екеуі індет жұқтырушылармен байланыста болған.

Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық", - делінген хабарламада.

Жалпы, бүгінде ем-дом қабылдап жатқан 51 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Тек бір ересек науқастың жағдайы ауыр бағаланса, төрт емделуші орташа дәрежеде, оның ішінде бала да бар.

Провизорлық орталықтарда 854 адам бар, оның 86-сы бала. Үй карантинінде 2037 адам жатыр.

Еске салайық, Қазақстанда 204 адам коронавирус жұқтырған.

 

 




Көрілген: 275    Пікірлер: 0

сенбі, 28.03.2020, 17:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31