Ел жаңалықтары

Алматы метросының желісі «Алтын Орда» базарына дейін ұзартылады

  • Алматы метросының желісі «Алтын Орда» базарына дейін ұзартылады

    Алматы метросының желісі «Алтын Орда» базарына дейін ұзартылады

Алматы метросының желісі қала маңындағы «Алтын Орда» базарына дейін ұзартылады. Бұл қаланың батыс бөлігіндегі көлік қозғалысты реттеуге, кептелісті азайтуға септігін тигізбек. Сондай-ақ мегаполисте жүздеген шақырым жол жөндеуден өтті. Жол айрықтарының құрылысы да аяқталуға жақын.

Алматылықтар мен қала қонақтары үшін жағымды жаңалық. Метроның желісі Қалқаман ықшам ауданымен тоқтап қалмайды. Одан әрі қаланың батысына қарай, яғни Наурызбай ауданындағы Алатау көшесінің бойымен өтеді. Ол үшін қосымша екі станция салынады. Соңғысы «Алтын Орда» базарында орналасады. Осылайша Алматының батыс бөлігі орталықпен байланысады.

Серік Құсайынов, қала әкімінің орынбасары: - Жаңа жобаның мүмкіндігі зор. Метро желісі Алтын Орда базарына дейін барады. Бұл біздің батыс жақтағы кіреберіс қақпамыз. Ол жерде метро мен автобус желілері қосылатын көлік хабы пайда болады. Сондықтан ол аймақтың маңызы ерекше дер едім.

Қала әкімінің орынбасары Серік Құсайынов осы жылы жол жөндеу, асфальт төсеу бойынша да ауқымды жұмыстардың атқарылғанын атап өтті. 200 шақырымнан астам жолға орташа, 270 шақырымына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ «Жаңа Алматы» бағдарламасы аясында бірқатар жұмыстар істелді.

Серік Құсайынов, қала әкімінің орынбасары: - Жолдар бойынша мәлімет осы. Жалпы қалада жол құрылысы мен оны жөндеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымы жоғары. Соған орай сапасын бақылауда ұстап отырмыз. Көп жағдайда ауа райы кедергі келтіріп жатады. Уақыт жетпей қалып жатады. Бірақ бұл жұмыстың сапасына нұқсан келтірмейді.

Осыдан бірнеше жыл бұрын басталған ірі жол айрықтарының құрылысы да аяқталуға жақын. Олардың бірі әуежай маңында салынып жатыр. Бір апта бұрын Бұқтырма көшесі мен Құлжа жолының қиылысындағы жол өткелінің бір бөлігі ашылды. Толықтай келесі көктемде пайдалануға беріледі.

Қарлығаш Қайыпбекова




Көрілген: 660    Пікірлер: 0

сенбі, 27.11.2021, 01:58

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31