Ел жаңалықтары

Алматы облысында ер адам бір топ баланы қағып кетті: Тоқаев істі бақылауға алды

  • Алматы облысында ер адам бір топ баланы қағып кетті: Тоқаев істі бақылауға алды

    Алматы облысында ер адам бір топ баланы қағып кетті: Тоқаев істі бақылауға алды

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

 
"Президент Алматы облысында мас жүргізушінің төрт оқушы қызды қағып кеткен жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды. Екі қыз ауыр халде ауруханада жатыр.

Мемлекет басшысы көлік жүргізушісін заңға сәйкес жауапқа тарту үшін аталған оқиғаны жан-жақты тексеру жөнінде тапсырма берді. Зардап шеккен қыздар мен олардың ата-аналарына тиісті көмек көрсетіледі", - деп жазды Facebook парақшасында Берік Уәли.

Еске салсақ, Алматы облысында ер адам мектептен қайтқан төрт баланы қағып кеткен. Балалардың біреуі ешқандай жарақат алған жоқ. Қалғандарының жағдайы ауыр. 

Белгілі болғандай, жол-көлік оқиғасы Еңбекшіқазақ ауданы, Корам ауылында болған.

Полиция тергеуді бастады. Ведомствода УАЗ жүргізушісі, 54 жастағы жергілікті тұрғын мас күйінде болғанын айтты. Ол қазір қамауда.

Кейіннен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният балалардың жағдайы туралы айтты.




Көрілген: 258    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.03.2021, 22:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 00:29
    Алматыда сел жүрді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30