Алматы облысында карантин туралы жаңа қаулы шықты

23 шілде 2021, 23:05

Алматы облысының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы облысының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 2021 жылғы 23 шілдедегі №16 Қаулысымен ҚР мен Алматы облысындағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты 2021 жылғы 26 шілдеден бастап мынадай шектеу шаралары енгізілді:

 
1) Ashyq жобасына қатысқанына қарамастан, сенбі және жексенбі күндері қызметке тыйым салу:

қоғамдық көлікке;
Сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілерінің жұмысшыларына;
спорт объектілеріне (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары);
қоғамдық тамақтану объектілеріне, фудкорттарға (тамақ жеткізуге рұқсат етіледі);
фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога-орталықтар, спорттық-сауықтыру нысандары, сауналар, моншалар, СПА-орталықтар, бассейндерге;
кинотеатрлар, театрлар, концерт залдары, филармония, цирктерге;
ауданы 1000 м2-ден асатын азық-түлік емес тауарларды, ашық және жабық базарларды сату бойынша объектілерге;
компьютерлік клубтар, боулинг, бильярд, караоке, түнгі клубтарға;
білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балалар даму орталықтарының, балалар ойын-сауық орталықтарының қызметтеріне;
банктер, ХҚКО, Қазпошта бөлімшелеріне;
діни нысандарға.
2) жұмыс күндері қызметті шектеу:

Ashyq жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілері, фудкорт сағат 20.00-ге дейін, Ashyq жобасына қатыспайтындарға сағат 17.00-ге дейін;
Ashyq жобасына қатысатын фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога-орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, сауналар, СПА-орталықтар, спорт объектілері, бассейндер сағат 20.00-ге дейін, Ashyq-қа қатыспайтындарда сағат 17.00-ге дейін;
3) Ashyq жобасына қатысуына қарамастан ашық және жабық жағажайлар, аквапарктер мен аттракциондардың қызметін тоқтата тұру", - делінген қаулыда.

Айта кетейік, Алматы облысында кейінгі тәулікте 230 адамнан коронавирус анықталған.