Ел жаңалықтары

Алматы облысындағы перзентханадағы ана мен баланың өлімі: Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

  • Алматы облысындағы перзентханадағы ана мен баланың өлімі: Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

    Алматы облысындағы перзентханадағы ана мен баланың өлімі: Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысының аудандық ауруханасында жұмбақ жағдайда көз жұмған ана мен бала ісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды “Астана” арнасы.

Марқұмның туыстары қайғылы оқиғаға дәрігерлердің кінәлі екенін алға тартады. Сарыөзек орталық ауруханасында толғағы келген келіншекті дәрігерлер бір апта бойы тудырмай ұстаған. Артынша толғақ шақыратын дәрі салып, кесарь тілігін жасаған. 

 
Полиция департаментінің мәліметі бойынша қазір оқиғаға қатысты адам өлтіру бабы бойынша тергеу жүргізуде. 

“Дәрігерлер толғақ шақыратын дәріні алып салып жіберген ғой. Кесарь тілігін жасаған. Содан балам да, әйелім де қайтыс болды. Кеше 6-да қайтыс болған. Бұлар маған бүгін сағат 5-те беріп отыр”, – дейді марқұмның жұбайы Бақытжан Ерментаев. 

Марқұмның жұбайы әйелінің денсаулығына дәл осы толғақ дәрісі кері әсерін берді дейді. Себебі отадан соң әйелдің қаны тоқтамағанын айтады. Тіпті денесін де ешқандай құжатсыз берген көрінеді. Ал ақ халаттылар екеуінің өмірін сақтап қалуға тырысқандарын айтып, ақталды. Олар әйелдің жүрегі ота кезінде тоқтап қалғанын мәлімдеді.

Дегенмен, облыстық полиция департаменті қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жүргізуде. Арнайы сараптамалар тағайындаған.  




Көрілген: 711    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.10.2021, 00:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Желтоқсан, 11:26
    ТАРИХ ЖАСАҒАН ТҰЛҒА

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31