Ел жаңалықтары

Алматы тұрғыны 2 миллиард теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін сотталды

  • Алматы тұрғыны 2 миллиард теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін сотталды

    Алматы тұрғыны 2 миллиард теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін сотталды

 

 

 

Алматы тұрғыны екі миллиард теңгені заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Ол үш жыл бойы коммерциялық ұйымдарға салық төлеуден жалтару бойынша қызмет көрсеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Қаржы мониторингі комитетінің мәліметінше, тергеу барысында ер адам үш жыл бойы (2016 жылдан 2019 жылға дейін) коммерциялық компанияларға салық төлеуден жалтаруға көмектескені анықталды.

 

"Ол өзіне тиесілі компания арқылы коммерциялық ұйымдарға салықтан жалтару үшін, жалпы сомасы 2 млрд теңгеге сауда-саттық болды делінген жалған шот-фактуралар жазу", - делінген ведомство хабарламасында.

Нәтижесінде сот оны кінәлі деп тауып, екі жарым жылға бас бостандығынан айырды.

Сондай-ақ, соттың үкіміне сәйкес, аталған азаматқа экономикалық қызмет саласында басшылық қызметпен 10 жыл мерзімге айналыспау туралы шектеу қойылды.




Көрілген: 551    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.09.2020, 11:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30