Ел жаңалықтары

Алматыда 1931-1933 жылғы ашаршылық құрбандары ұлықталды

  • Алматыда 1931-1933 жылғы ашаршылық құрбандары ұлықталды

    Алматыда 1931-1933 жылғы ашаршылық құрбандары ұлықталды

Екі жыл бұрын Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Алматының орталығында ашаршылық құрбандарына ескерткіш ашылып, онда қазақ халқының ауыр қайғысы әбден әлсіреген баласын кеудесіне қысқан ана бейнесі арқылы көрсетілген еді. Бүгін алматылықтар Қарағайлы скверіне келіп, 1931-1933 жылғы ашаршылық құрбандарына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.



Алматы әкімі Бауыржан Байбек ел тарихына көз жүгіртсек, ұлт басына күн туған ауыр да алмағайып кезеңдердің аз болмағанын, бірақ қазақ халқының болашаққа деген үміті мен сенімін ешқашан жоғалтпағанын атап өтті.


«Біз Елбасы айтқандай, тарихқа жіті көзбен қарап, өткенді ұмытпауымыз осындай нәубеттің қайталанбауы үшін қажет. Халықтың қасіретті кезеңдері əрдайым елдің жадында болуы тиіс. Бұл ретте тұтас ұлтты жойып жібере жаздаған ашаршылық ешқашан ұмытылмақ емес. Бүгінгі Қазақстан - халықтың бірлігі мен келісімін және бейбіт өмірді баға жетпес құндылыққа бағалаған ел. Халық айтпақшы, «жұмыла көтерген жүк жеңіл». Мұндай нәубет ешқашан қайталанбасын. Қашанда еліміздің іргесі берік, болашағы жарқын болсын», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.


Қазақстанда 1918-1933 жылдар аралығында түрлі мәліметтер бойынша үш миллионнан астам адам қаза тапқан, оның ішінде 1931-1933 жылдары 1,7 миллион адам көз жұмған. 100 мыңнан астам қазақстандық 1937-1938 жылдарғы репрессия құрбаны болған. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Жарлығымен 31 мамыр Саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды.




Көрілген: 409    Пікірлер: 0

жұма, 31.05.2019, 13:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30