Ел жаңалықтары

Алматыда адамдарды мекемелерге QR код арқылы кіргізе бастады

  • Алматыда адамдарды мекемелерге QR код арқылы кіргізе бастады

    Алматыда адамдарды мекемелерге QR код арқылы кіргізе бастады

Алматыда Ashyq пилоттық жобасы іске қосылады. Бұл QR-код арқылы мекемеге келушілердің анықтауға арналған қосымша. Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысында аталған жоба жайлы айтылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Қаулыда Ashyq пилоттық жобасы қаланың келесі мекемелерінде жұмыс істейтіні айтылған:

 
фитнес-клубтар;
спа орталықтары;
сауналар, бассейндер;
компьютерлік клубтар (18 жасқа дейінгі тұлғаларды қоспағанда);
боулинг клубтары.
Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мен Алматы қаласының "Атамекен" Кәсіпкерлер Палатасы пилоттық жобаны іске асыруға қатысатын кәсіпкерлік объектілерінің тізімін анықтап, сондай-ақ апта сайын Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне ақпаратты жаңартып, ұсынуы қажет. Сонымен қатар, AppStore және PlayMarket-тен жүктеуге болатын Ashyq мобильді қосымшасын пайдалану қажеттілігімен халықты хабардар ету тапсырылды.

Ashyq қосымшасы қолданылатын кәсіпкерлік нысандарында жұмысты шектеудің келесі критерийлері қолданылады:

коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың жоғары деңгейі кезінде ("қызыл" аймақ) коронавирустық инфекцияның орташа деңгейі үшін әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу критерийлері қолданылады ("сары" аймақ);
коронавирустық инфекция деңгейінің орташа кезеңінде ("сары" аймақ) коронавирустық инфекция деңгейі төмен әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу критерийлері ұсынылады ("жасыл" аймақ);
Ал кәсіпкерлер келесі талаптарды сақтау ұсынылады:

"сары" аймақтағы компьютерлік клубтар сыймдылығы 50 пайыздан аспайтын жағдайда сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істейді. "Жасыл" аймақта - 75 пайыздан артық емес толтырылған кезде жұмыс режимі 12.00-ден 24.00-ге дейін;
"сары" аймақтағы боулингтер сыйымдылығы 50 пайыздан аспайтын кезде жұмыс режимі 12.00-ден 24.00-ге дейін істейді. "Жасыл" аймақта - 75 пайыздан аспайтын сыйымдылық кезінде  жұмыс режимі 12.00-ден 24.00-ге дейін болуы тиіс.
Қоғамдық орындарға келушілерді кіргізу тексеріс арқылы жүзеге асады: оның жағдайын анықтау үшін кіреберісте арнайы QR-кодты сканерден өткізуі тиіс.

"жасыл" деңгей: келуші жағдайы деректер базасында Covid-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен адам ретінде көрсетілген;
"көк" деңгей: ПТР-тестілеу нәтижесі жоқ, Covid-19 науқасымен байланыс ретінде саналмайды;
"сары" деңгей: деректер базасында Covid-19 науқаспен байланыс ретінде көрсетілген;
"қызыл" еңгей: Covid-19 үшін оң нәтижемен базада тіркелді.
Келушіде смартфон болмаған жағдайда кәсіпкерлік объектісінің қызметкері келушінің деңгейін оның келісімімен ақпараттық жүйеде тексереді.

"Сары", "қызыл" деңгейлі оқшаулауға жататын келушілер кәсіпкерлік объектілеріне кіргізілмейді.

Деңгейге сәйкес оқшаулануға жататын келушілер анықталған жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаментін хабардар ету қажет.




Көрілген: 289    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.03.2021, 23:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 00:29
    Алматыда сел жүрді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30