Ел жаңалықтары

Алматыда алғаш рет «ерекше» балаларға арналған спорт үйірмелері ашылды

  • Алматыда алғаш рет «ерекше» балаларға арналған спорт үйірмелері ашылды

    Алматыда алғаш рет «ерекше» балаларға арналған спорт үйірмелері ашылды

Алматы қаласында «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасының аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бейімдік спорт үйірмелері ашылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Жобаның мақсаты &mdash мүмкіндігі шектеулі балалардың жыл бойы спортпен шұғылдануына мүмкіндік жасау және Қазақстанда бейімдік спорт түрлерін дамыту.

«Алматы Арена» кешенінде бейімдік жүзу мен «бочча» үйірмелері, «Сарбаз» әскери-патриоттық клубында балалар бейімдік каратэ үйірмесіне қатыса алады, ал «Бейімді футбол» &mdash тірек-қозғалыс аппараты зақымдалған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №2 мектеп-интернаты қабырғасында өтіп жатыр.

Осы жылы бұл жобаға 70-тен аса даму ерекшелігі бар балалар қатысатын болады. Жобаның негізін қалаушылары &mdash «Тең мүмкіндіктер әлемі» Қоғамдық қоры &mdash спортшылар саны, үйірмелер саны көбейеді деп сенуде.

«Өкінішке қарай, Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар саны артып келеді. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың дене шынықтыру мен спорт түрлеріне бірдей қатыса алулары &ndash елдің даму деңгейінің көрсеткіші. Біздің жобамыздың алға қойға мақсаты, бала кезінен спортқа қатысу арқылы, «ерекше» балалардың болашақта отбасын құрып, жұмысқа бейімделіп, қоғамымызға үлес қосуларына мүмкіндік беретін, бойларында жеке-дара тұлғалық қасиеті мен өз құндылығын арттыру», &mdash дейді «Тең мүмкіндіктер әлемі» Қоғамдық қорының негізін қалаушы Нургуль Ульжекова.
Жоба «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының көмегімен жүзеге асырылуда. «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен жаттықтырушылардың санатын жоғарылату, олардың еңбек ақылары, үйірмелерді қажет спорт жабдықтарымен, оқу құралдарымен қамтамасыз етіліп жатыр.

Дәл осындай үйірмелер Павлодар, Шымкент, Қарағанды қалалары мен Қарағанды облысында ашылды. Жобаға қатысушылар жан-жағынан, физикалық даму тұрғысында, ойлау қабілеті мен сезім жағынан жақсы нәтиже көрсетуде. Жарыстарға қатысып, қалалық және халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болуда.

Бұл үйірмелердің ерекшелігі, жаттығулар топ бойынша өтеді және дамуында ақауы жоқ балалар да қатыса алатынында.




Көрілген: 582    Пікірлер: 0

сенбі, 17.10.2020, 13:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31