Ел жаңалықтары

Алматыда интернет-дүкенге алдандық деген халық кеңсе алдына жиналған

  • Алматыда интернет-дүкенге алдандық деген халық кеңсе алдына жиналған

    Алматыда интернет-дүкенге алдандық деген халық кеңсе алдына жиналған

Ондаған алматылық қаладағы ірі интернет-дүкеннің кеңсесіне барды. Олардың барлығы соңғы жылдары дүкеннен тұрмыстық техника, үйге арналған тауарлар және дәрі-дәрмектер алып отырған. 

Еуразия бірінші арнасының хабарлауынша, кейіннен дүкен қызметкерлері оларды жақсы хабармен қуантып, олардың лоторея жеңімпаздары атанғандарын, пәтер және көлік тәрізді бағалы сыйлықтар ұтып алғандарын хабарлаған. Дегенмен сыйлықты рәсімдеу үшін 200 000-нан 7 млн теңгеге дейін қосымша қаражат керек екеніне сендірген.

Маған KBT-store-дан хабарласып, елордадан пәтер ұтып алғанымды айтты. Алайда құжатты алу үшін жарты млн теңге төлеуімді сұрады. Мен несие алып, ақшаны ұстаттым, кейіннен маған осы сомаға тауар алдыңыз деген хабарлама келді. Ешқандай пәтер жоқ, - дейді ол.
Ал Алматы тұрғыны Марат Әденовтің айтуынша, ол үнемі осы дүкеннен дәрі-дәрмек алғаннан кейін оларға сеніммен қараған. 

Маған тұрақты клиент екенімді айтып, ұтысқа қатысқанымды, 9,5 млн теңге тұратын көлік ұтып алғанымды айтты. Ол үшін 280 мың ақша жіберу керек деді. Енді көлік те, ақша да жоқ. Күтіңіз дейді, - дейді ол.
Ұтыс деп алданып қалғандардың саны күн санап артып келеді. Олардың көбісі елдің әр өңірінде тұратын зейнеткерлер, көпбалалы аналар, аз қамтылған отбасылар. Олардың ақшалары қайтарыла ма белгісіз. Әзірге полицияға бір ғана шағым түсті.

Компаниядағылар болса, ішкі тексерісті бастап кеткенін, ал құнды сыйлықтар ұтысы расымен әр ай сайын болып жатқанына сендірді. 

Клиент белгілі бір тауарды таңдап, тапсырыс береді. Сол арқылы компания ұйымдастырған конкурсқа қатысады. Жыл көлемінде клиенттер ұтқан пәтерлерін алып отырады. Барлығының нөмірі бізде бар, - деді компания директорының орынбасары Ерік Тоғызбаев. 

Айнұр ҚАНАТҚЫЗЫ

BAQ.KZ




Көрілген: 878    Пікірлер: 0

сенбі, 24.07.2021, 01:58

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30