Ел жаңалықтары

Алматыда карантинге жабылғандар жағдайларын айтып, наразылықтарын білдірді

  • Алматыда карантинге жабылғандар жағдайларын айтып, наразылықтарын білдірді

    Алматыда карантинге жабылғандар жағдайларын айтып, наразылықтарын білдірді

Оңтүстік Кореядан келгеннен кейін Алматыдағы стационарлық карантинге жіберілген қазақстандықтар оларды ұстау шарттарын қорқынышты деп атады. Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды түзетуге уәде берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Карантинге жабылған алматылықтардың бірі өзінің Facebook парқшасында карантинге жабылған емхананың жағдайы жайлы жазды. Оның айтуынша бір палатаға 9 адам жатқызылған, бірақ коронавирусты сау адамдар жұқтырып алмауы үшін арнайы әр адамды оқшау ұстайтын бокстар болуы керек, сонымен қатар бір палатаға бір әжетхана, оның өзінде унитазы жоқ және бір душ бар екен. Төсектері темірден жасалған, ал ең сорақысы барлық 100 адам ары-бері емін-еркін жүре береді екен, олардың арасында емізулі балалар да бар екен. Палаталар өте суық, сондықтан адамдар киімдерімен ұйықтайды екен. Ал, тамақтандыру жайлы мүлде сөз қозғамай-ақ қоюға да болады, себебі ол да өте нашар деңгейде.

"Осының бәріне Біртанов бұл мәселені жақсартамыз дейді, осы уақытқа дейін екі ай бойы не істедіңдер, деген сұрақ туындайды. Карантинге жатқызылған емхана наркодиспансер екенін де түсіндік және оның орнын ауыстыру керек. Болып жатқан жәйттар сауатсыздық, жауапсыздықтың нәтижесі деп білемін. Бұндай әрекеттермен індеттің елде жайылуы әбден мүмкін", - деп жаздыалматылық Жангелді Сүлейманов.

"Бұл мәселе денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың бақылауында және Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының бақылауында. Қазір ол карантин өтіп жатқан емханада. Біз науқастардың жағдайын жақсарту үшін барлық шараларды қолданудамыз", - деді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшарип брифингте.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі коммуналдық қызметтерден көмек алуға келіскен.

"Біз бұл палаталарға көп жылу жіберіп жатырмыз. Барлық жәйттар ескерілді, біз 14 күндік міндетті карантиннің өтуі үшін қолайлы жағдай жасау үшін бар күшімізді саламыз", - деп сендірді ол.

Еске салсақ, 5 наурызда Алматыа Кореядан келген 100 жолаушы карантинға жабылған болатын. Олардың ішінде төрт бала бар.




Көрілген: 437    Пікірлер: 0

жұма, 06.03.2020, 20:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30