Алматыда үш қабатты ғимараттан өрт шықты

26 қаңтар 2022, 23:21

Алматыда үш қабатты бос тұрған ғимараттан өрт шықты. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Департаменттің хабарлауынша, 26 қаңтар күні кешкі сағат 19:23 кезінде «101» пультіне Төле би көшесінде орналасқан үш қабатты үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетті. 3 қабатты үйдің шатыры мен мансарды ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрттің жақын маңдағы ғимаратқа өршу қауіпі туындады. Өрт орнында оңтүстік және солтүстік жағынан 2 өрт сөндіру бөлімі құрылды: Өрт оқпандары енгізіліп, 50 метр қашықтықтағы өрт сөндіру гидранттарына автоцистерналар орнатылды, осылайша үздіксіз сумен қамтамасыз етілді. Өрт сағат 21:05- толық сөндірілді», - деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Өртті сөндіруге 10 техника мен 50 адам жұмылдырылды.