Ел жаңалықтары

Алматыда үшінші теміржол вокзалын салу жоспарлануда

  • Алматыда үшінші теміржол вокзалын салу жоспарлануда

    Алматыда үшінші теміржол вокзалын салу жоспарлануда

Алматы қаласының шеткі аймағында Алматы-3 теміржол вокзалын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы «Транспорттық инфрақұрылым» тақырыбы аясында өткен «Алматы бас жоспарын түзету» жобасының кездесуі кезінде айтылды, деп жазады krisha.kz.
Осыған дейін «Қазақстан темір жолы» АҚ Алматы-3 вокзалын салу туралы ұсыныс жасаған. Жүк және жолаушылар пойыздарының ағынын жеңілдету үшін станса керек. Саин көшесі барып тіреліп жатқан Боралдай ауданында магистарлды жол салуды және Алматы-3 вокзалын қаладан батыс бағытқа қарай салуды ұсынамыз. Ол жерде станса керек, енді вокзал тұрғызу керек. Осылайша, бүкіл батыс өңір қамтылатын болады. Алатау және Наурызбай ауданының тұрғындары Алматы-2 вокзалына келмей-ақ қалаға кіре алатын болады. Осылай біз негізгі вокзалды қиындықтан құтқарамыз және Баум тоғайы арқылы өтіп, экологиялық заңнаманы бұзуы мүмкін екінші теміржол тармағын салудан құтыламыз, &ndash дейді Алматыгипрогор-1 ЖШС бас директорының орынбасары Алтай Сатыбалдиев.
Оның айтуынша, Алматы теміржол торабының жалпы ұзындығы 69 шақырым. Алматы-1 мен Алматы-2-ні қоса есептегенде торап құрамына 9 станса кіреді. Қазір қала агломерациясын дамыту бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде Алматы-1 &ndash Алматы-2 желісінде екінші жол құрылысын; Алматы-2 стансасында қала маңындағы теміржол тасымалы үшін вокзалы құрылысын; Алматы-1 &ndash Талғар бағытында жүк және жолаушылар теміржол торабының құрылысын; Алматы &ndash Ұзынағаш трамвай желісі құрылысын салу жоспарланып отыр.

BAQ.KZ




Көрілген: 295    Пікірлер: 0

жұма, 15.01.2021, 08:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31