Ел жаңалықтары

Алматыда заңсыз оталған ағаштар: Sulpak директоры сотта сөз сөйледі

  • Алматыда заңсыз оталған ағаштар: Sulpak директоры сотта сөз сөйледі

    Алматыда заңсыз оталған ағаштар: Sulpak директоры сотта сөз сөйледі

Arena S (Sulpak) ЖШС Бас директоры Дмитрий Провкин Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында сөз сөйлеп, жоба бойынша ағаштарды кесу жоспарланбағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Провкин сауда үйін қайта құру аясында аумақты абаттандыру жұмыстары жоспарланғанын айтты.

"Абаттандыру жұмыстары бойынша "Сакура" ЖК мердігерімен шарт жасасқан. Ағаштарды кесуге рұқсат сұраған жоқпыз. Өйткені мұндай жұмыстар жоспарланбаған. Мердігерге ағашты кесуге тапсырма берілген жоқ", - деді ол.

Алмалы ауданының бас экологиялық инспекторы Азамат Өтешов сол түні Sulpak ғимараты маңында сотталушыны көргенін айтты.

"Түнде өтіп бара жатып, ағаштарды кесіп жатқанын көрдім. Уақыт таңғы 3-4 болатын. Сотталушыны сол жерде көрдім. Ағаштарды кесуге рұқсаты болған жоқ. Патрульдік полиция келді. Оларды тұрғындар шақырды. Сотталушыға тыныштықты бұзғаны үшін айыппұл салды", - деді ол.
Сондай-ақ, сот залында "ЭКО-ALMATY" ЖШС орман патологиялары және жасыл желектер тобының жетекшісі Серікжан Сұраншин Төле би 187 мекен-жайы бойынша жасыл желектерді түгендеу 2018 жылдың сәуірінде жүргізілгенін айтты. Оның айтуынша, осы учаскеде сол кезде Sulpak ғимаратының алдында тоғыз емен және үш акация өсіп тұрған.

Еске салайық, алматылықтар ағаштардың кесілгеніне наразылық білдірген еді. Жасыл экономика басқармасының баспасөз қызметі мен Sulpak компаниясының өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірген болатын. Сол пікірінде "Arena S" (Sulpak сауда маркасы) компаниясының өкілдері ағаштар кесілген аумақ компания меншігіне жатпайтынын мәлімдеген еді.

Кейінірек ағаштардың кесілуіне байланысты қала әкімдігі өкілдері пікір білдіріп, 13 түп ағашты заңсыз кескендер жазаланғанын айтқан еді.

Бастапқыда қылмыстық іс ҚК-нің 340-бабы "ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу немесе жою" бойынша тіркелді. Алайда кейін іс ҚК-нің 339-бабы екінші бөлігіне қайта сараланды. Іс бойынша негізгі айыпталушы ЖК басшысы. Ол осы жер учаскесін абаттандыру туралы келісім жасаған.

19 наурызда Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Sulpak дүкенінің жанында ағаштарды кесу бойынша сот талқылауы басталды. Сотталушы кінәсін ішінара мойындады. Бұған дейін куәгерлер Sulpak дүкенінің жанында ағаштарды кесу туралы жаңа мәлімет жариялаған еді.




Көрілген: 515    Пікірлер: 0

жұма, 09.04.2021, 22:05

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31