Ел жаңалықтары

Алматылық тәртіп сақшылары кәсіпкерлерге негізсіз айып таққан

  • Алматылық тәртіп сақшылары кәсіпкерлерге негізсіз айып таққан

    Алматылық тәртіп сақшылары кәсіпкерлерге негізсіз айып таққан

Алматылық тәртіп сақшылары кәсіпкерлерге негізсіз айып таққан. Яғни үш меншік иесіне санитарлық талаптарды орындамады деген әкімшілік хаттама дұрыс толтырылмаған. Бұл жөнінде қалалық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған онлайн жиында айтылды, деп хабарлайды 24.kz.
6 қараша күні Түрксіб ауданында құрылған мониторингтік топ киім сататын дүкендегі санитарлық нормалардың сақталуын, адамдардың бетперде тағуын тексерген. Сол кезде дүкенге келушінің бірінде бетперде болмаған. Бірақ айыппұл әлгі адамға емес дүкен иесіне салынған. Істің мән-жайын анықтау барысында хаттаманың негізсіз толтырылғаны анықталды.
Бізге құқыққорғаушылардың әрекетіне қатысты кәсіпкерлер жиі шағымданады. Мысалы, тамыз айында өз міндетін дұрысы атқармаған екі инспектор жауапкершілікке тартылды. Осындай жағдайларды болдырмау үшін қалалық полиция департаментінің қызметкерлеріне түсіндіру шараларын өткізуді сұрадық. Бірақ мониторингтік топтардың жұмысы қайта жанданғандықтан кәсіпкерлердің құқықтары да бұзылып жатқаны өкінішті. Сондықтан біз қалалық прокуратурадан мониторингтік топтардың жұмысына сараптама жасауды сұраймыз, - қалалық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Салтанат Лесбаева.


BAQ.KZ




Көрілген: 445    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.11.2020, 09:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31