Ел жаңалықтары

Аружан Саин 9 жыл бұрын зорланған қыздың ісін жеке бақылауына алды

  • Аружан Саин 9 жыл бұрын зорланған қыздың ісін жеке бақылауына алды

    Аружан Саин 9 жыл бұрын зорланған қыздың ісін жеке бақылауына алды



Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин 2010 жылы зорланған қыздың ісін жеке бақылауына алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі оның Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 



"21 шілдеде 2010 жылы ОҚО-да зорланған қыздың ісін жеке бақылауға алу туралы өтініш жазылған баспасөз хабарламасы жарияланды. Қыз зорланғанда кәмелеттік жасқа толмаған. Біз жанұяның заңгері Данияр Жиенбаевпен байланысқа шықтық. Даниярдың айтуы бойынша, ІІД жетекшілерімен кездесу болған, 22 тамызға дейін жасалуы тиіс тергеу шараларының жоспары нақтыланған. Біз қажеттілік туған жағдайда қосылуға дайынбыз. Осы жағдай бала құқықтары жөніндегі уәкілдің бақылауына алынды", — деп жазды Аружан Саин.


Тоғыз жыл бұрын Түркістан облысындағы ауылдардың бірінде 7 жастағы қыз зорланды. Алайда, қылмыскер әлі өз жазасын тартқан жоқ. Оның кім екені де анықталмады. #НеМолчиKZ бірлестігінің құқық қорғаушылары Аружан Саиннан осы жағдайды өз бақылауына алуды сұрады. Жәбірленген қыздың жанұясы істі әдейі жауып қойды деп ойлайды. Полицияның баспасөз қызметі күдіктіні тауып, жазалау мүмкін емес болғанын алға тартады. Бүгінгі күні ҚР ҚК-нің 120 (Зорлау), 121(Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бабы бойынша, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары, қосымша сараптамалар комплексі жүргізіліп жатыр. Полиция департаментінің жетекшісі істі жеке бақылауына алды. 


 



 

 




Көрілген: 276    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.07.2019, 01:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31