Ел жаңалықтары

Арыстағы жарылыс үшін 16 адам жазаланады

  • Арыстағы жарылыс үшін 16 адам жазаланады

    Арыстағы жарылыс үшін 16 адам жазаланады

Түркістан облысы Арыс қаласындағы қару-жарақ қоймасында болған жарылысқа қатысты күдікке ілінген әскерилер сот алдында жауап бере бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Арыстағы жарылысКүдіктілер саны – 16. Қазірдің өзінде жылдың ең маңызды процесі делініп жатқан Шымкент гарнизоны әскери сотындағы істе жәбірленушілердің саны мың жарым адамнан көп. 

Күдікке ілінген әскерилердің барлығы Арыстағы жарылысқа дейін шенді офицерлер болған. Мәселен, № 44859 әскери бөлімінің командирі мен оның артиллериялық оқ-дәрі орналасқан қоймаға жетекшілік еткен орынбасары бар. Екі офицерге Қылмыстық кодекстің «Жарылғыш заттарды қолдану ережелерін бұзу» және «Абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкелу» бабымен іс қозғалған. Жалпы істің 400 томнан асып кеткеніне қарағанда, процесс ұзаққа созылатын түрі бар.

 

Былтыр 24- маусымда Арыс қаласындағы жарылғыш заттар сақталған қоймада бірнеше күн қатарынан жарылыс болған. Апат салдарынан бір тұрғын мен екі әскери қызметкер қаза тапты. 200-ден астам адам түрлі жарақат алды. Арасында балалар да бар. Ол кезде де Арыс қаласының бүкіл тұрғындары көшірілген.

 
 

 




Көрілген: 339    Пікірлер: 0

жұма, 15.05.2020, 09:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Маусым, 09:49
    Балаларымен қауышты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30